Ақыр соңында темiр өндiрудiң қыры мен сырын жаппай меңгерген шақ б.э.д.
8 –
ғасырдан бастап, адам баласы темiр ғасырына қадам басты.Сонымен
археологиялық кезеңдеу негiзгi еңбек құралдарының эвалюциясымен оларды
жасау әдiсi негiзiнде құрылды. Археологиялық деректердiң өзiндiк
ерекшелiктерiне сай заттар мен мәдениеттердiң мерзiмiн (хронологиясын)
анықтау арнайы әдiс пайдалануды қажет етедi. Осыған орай археологиялық
мерзiмдеуде нақты және салыстырмалы мерзiмдеу деген екi түрлi әдiс
қолданылады.Салыстырмалы әдiс — кез келген мәдениетке, немесе кезеңге
тән заттарды олардың жасалу әдiсi мен материалына қарай бұрын ғылымда
жасы анықталған заттармен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.Нақты
мерзiмдеу жаратылыстаму ғылымдарының әдiс – тәсiлдерi арқылы жүзеге
асырылады. Мысалы кали – оргонды (радиоактивтi элементтердiң ыдырау
мерзiмiне қарай), геохронологиялық (жер қыртысының жылдық қатпарларын
есептеу арқылы), дендрохронологиялық (ағаштың
жылдық сақинасына
қарай). Әдетте нақты мерзiмдеу үшiн бiрнеше әдiстер қорытындысының
жиынтығы алынады.Тарих ғылымында уақытын анықтайтын екі жүйе бар.
Хронология және кезеңге бөлу Хронология болған оқиғаның уақытын
анықтайды,ал,кезеңге бөлу сол оқиғаларды кезеңімен орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: