ҚР тарихы кафедрасы археологиялық сараман тапсырмасы тақырыбы: Археология пәнінің мәні мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата16.03.2023
өлшемі0,67 Mb.
#172735
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба (копия)

 
Жоспар
1. Мәдени қабат 
2. Археологиялық кезеңдеу және хронология 
3. Археология пәнінің мәні, мақсаттары мен міндеттері 
Қорытынды: 
Пайдалынған әдебиеттер: 


1. Мәдени қабат
“Мәдени қабат” терминінің түсінігі.Жазба деректердің сақталатын және 
зерттелетін орны архив болып табылады. Заттай деректер өте аз. 
Археологиялық ескерткіштердің сарқылмайтын қоры –жер. Мәдени қабат 
деп. аталатын нәрсе –археологтың архивы болып табылады. .Мекенжайларды 
қазу барысында мамандар ежелгi адамдардың тiршiлiк iздерi сақталған қабат 
– мәдени қабатқа тап болады. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқаны 
мен оның қалыңдығы аса маңызды. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте 
жатқанына және одан табылған заттарға қарап, бұл жердi адам баласы қашан 
және қанша уақыт мекендегенiн анықтауға болады. Мысалы темiр ғасырының 
мекенжайлары жердiң бетiне жақын орналасса, тас дәуiрiнiң тұрақтары 
әдетте жердiң бетiнен едәуiр тереңдiкте сақталған. Кейде бiр мекенжайдың 
орнында әртүрлi археологиялық кезеңдерге жататын бiрнеше мәдени қабат 
кездесуi мүмкiн.
Мекенжайдағы тiршiлiк үздiксiз ұзақ уақыт жалғасқан жағдайда мәдени қабат 
бiрiнiң үстiне бiрi түседi. Оларды құрамында ешқандай археологиялық 
артефактiлер кездеспейтiн, құмнан немесе топырақтан түзiлген аралық қабат 
бөлiп жатуы мүмкiн. Бұндай жағдайда мекенжайдағы тiршiлiк белгiлi бiр 
уақыт аралығында үзiлiп, араға белгiлi бiр уақыт салып қайта жалғасқан деуге 
болады.Археологиялық мәдениет түсiнiгi: бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған 
шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған 
еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi 
археологиялық заттардың кешенiн қамтиды. Кейде археологиялық мәдениет 
өздерiнiң шаруашылығы мен рухани дамуы жағынан бiр-бiрiне жақын, шығу 
тегi, тiлi, материалдық және рухани мәдениетi ортақ бiр этникалық адамдар 
қауымдастығына тән болуы мүмкiн. Археологиялық мәдениеттер әдетте 
шартты түрде алғаш зерттелген жердiң атымен (Атбасар, Андрон, Беғазы-
Дәндiбай т.т.), немесе археологиялық ерекше белгiлерiне қарай (Катакоба, 
Бесшатыр, Тасмола т.т.) аталады. Археологиялық мәдениет заттай деректердi 
жiктеу (классификация) мен жүйелеудiң (систематизация) негiзi болып 
есептеледi. Барлық археологиялық заттар мәдениеттiң қайсы бiр түрiне 
жатады. сақталады. Солардың ішінде көбісі уақыт өткеннен кейін жердің 
астында қалып кетеді. 
-1- 


Мысалы,ескі үйдің орнында жаңа үй салынған кезде, оның астында ескі үйдің 
қалдықтары қалып кетеді.(фундамент,қабырғаның төменгі жақтары).Осылай, 
біраз ғасырлар өткеннен кейін қатпарлар пайда болады.Осы қатпарларды 
тастап кеткен қоғамдардың мәдениетінің деңгейін, қабаттарда табылған 
заттар көрсетеді.Сондықтан осылай пайда болған жердің қабатын “мәдени 
қабат”деп атайды.Сонымен,мәдени қабат дегеніміз адамның іс-әрекетінің 
нәтижесінде пайда болған, тарихи құралған қатпарлардың жүйесі.Мәдени 
қабаттың қалыңдығы әртүрлі болып келеді.Мысалы,Москваның шет 
жақтарында мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Ал орталығында 8 
м. дейін жетеді. Навгородтың мәдени қабатының қалыңдығы 9м.-ге дейін 
жетеді.Әлемде ең қалың мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Әлемде 
ең қалын мәдени қабат Месопотамияда –20м. және Орта Азияның кейбір 
қалашықтарында –34м. дейін барады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет