Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде - Тілді ең алдымен бір коммуникация жүйесі, бір қатынас құралы
ретінде қабылдаймыз. Сол үшін сабақта нағыз коммуникацияны
жүзеге асыруды көздейміз.
Мысалы, студенттер бір-біріне сұрақтар қойып, бір-бірімен
танысады. Студенттер бір оқиға туралы түрік тілінде өз ойын білдіреді.
Кейбір жаттығулар үшін студенттер екі немесе одан көп топқа
бөлінеді, әр топқа әр түрлі ақпарат беріледі. Студенттер өзге топтар
білетін ақпаратты сұрақтар қою арқылы үйренуге тырысады.
Студент қателесіп сөйлемнің мағынасын өзгертсе, яғни
коммуникацияға зиян келтірсе, түсінбеген адамдай әрекет етеміз.
Осылай студент мұндай қателер тудыратын түсінбеушілікті сабақта да
сезеді.
- Жаттығуларға да коммуникативтік бағдар беруге тырысамыз.
Кейбір сұрақтарға жауап беру студенттерден грамматикалық жүйені
меңгеруді талап етеді. Мысалы:
1. Сұраққа болымсыз түрде жауап беріңдер
Arkadaş-ımız-ı gör-dü-nüz mü?
Жауап: Hayır, arkadaş-ınız-ı gör-me-di-m.
Бұл мысалда студент тәуелдік жалғауы мен жіктік жалғауын
өзгертеді, сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге, болымды түрді
болымсыз түрге айналдырады.
- әсіресе грамматикалық жаттығуларда әрқашан студенттерді
жауап беріп жатқанда ойлануға,
сөйлемнің
мазмұнына назар аударуға
үйретеміз. Мысалы,
а. етістікті жіктеңіз:
Dışarıdan çok gürültü geliyor, lütfen pencereyi kapat-...
Жауап: ...-ır mısınız?
орнына
б. дұрыс жіктелген бір етістікпен толықтырыңыз:
Dışarıdan çok gürültü geliyor, lütfen pencereyi...
Жауап: ... kapatır mısınız?
«а» әрпіндегі жаттығудың кемшілігі мынада: жаттығуды орындау
үшін соңғы сөзге қарау жеткілікті, мағынаны түсінудің қажеті жоқ.
Студенттер ойлансын деп кейбір жаттығуларда бірден көп қиындықты
да біріктіреміз.
- диалогтар мен жаттығуларға
мәдениет, тарих, география, салт-
дәстүрлермен байланысты ақпарат қосамыз. Студенттеріміздің әр
Түркия азаматы білетін жалпы ақпараттан хабардар болуы түрік
шындығын түсінуі үшін қажетті. Бұдан басқа бұл мағлұмат