Й. Вандевалле. Түрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде Әож 378. 147 ТҮрік тілін шетелдіктерге оқыту жөнінде



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата16.04.2023
өлшемі339,25 Kb.
#174617
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Түркология, № 4, 2017
 
фонологиясында ең қиын тиетін, геминаттар яғни қос қарқынды 
дауыссыздар (etti/eti сияқты). Екі дауыссызды бір ғана дауыссыз 
сияқты айтады, сол себепті бұл фонологиялық құбылысты арнайы 
жаттықтыру керек. Одан басқа студенттердің үйренуі қажетті, бірақ 
түсінуге нұқсан келтірмейтін бірқатар құбылыс бар: түрікшеде g, k, l 
дыбыстарының кейбір сөздерде жіңішкеруі және әсіресе парсы немесе 
арабшадан енген кейбір кірме сөздерде дауысты дыбыстардың 
созылыңқы айтылуы.
Қазақтардың түрікше сөйлегенде кездесетін қиындықтарын 
сіздер жақсы білесіздер. Менің ойымша, әсіресе түрікшедегі c, j, ç, ş 
дауыссыз 
дыбыстары, 
дауысты 
дыбыстардың 
сингармонизм 
заңындағы 
айырмашылық 
және 
дауыссыздардың 
жіңішке 
дауыстылардың алдында жіңішкермеуі қиындық келтіруі мүмкін.
3.2. Морфология. 
Бұл бөлімде түрік тіліндегі жұрнақ немесе 
жалғау қабылдау арқылы ең көп өзгеретін сөз таптары – зат есім мен 
етістік туралы сөз етпекпіз.
3.2.1. Түрік тілінде зат есімдердің көптелуі, тәуелдік 
жалғауларды қабылдауы және септелуі. 
Мысалы: ev-ler-imiz-de. 
1. Зат есімдердің көпше түрін жұрнақпен жасау студенттерімізге 
қиын тимейді, өйткені нидерланд тілінде де зат есімдердің көпше 
түрінде жұрнақ (көптік жалғау) қолданылады 
2. Тәуелдік жалғауы студенттерімізге мүлде таныс емес, олар 
білетін ешбір Батыс Еуропа тілінде тәуелдік жалғауы жоқ, орнына зат 
есімнің алдында тәуелдеу есімдіктері қолданылады. Тәуелдік 
жалғауларды жаттықтырудың маңызы зор. 
3. Септіктер нидерланд тілінде қолданылмайды, бұл нидерланд 
тілін ең жақын туыстас тілі - неміс тілінен ажырататын бірден-бір 
ерекшелік. Тек қана орта мектепте неміс немесе латын, көне грек тілін 
оқыған студенттер септік жалғауын біледі. Тәжірибелерімізге 
қарағанда студенттерге септік жалғауын меңгерту үшін ең тиімді 
практикалық тәсіл жалғаулардың қызметін анық және мысалдардың 
көмегімен бейнелегеннен кейін, түрік тіліндегі әр септіктің негізгі 
мағынасына сәйкес келетін нидерланд тіліндегі предлогтарды атап 
көрсету керек. Мұнда әсіресе табыс септік қиындық келтіреді, өйткені 
нидерланд тілінде табыс септік (яғни тура толықтауыш) үшін предлог 
қолданылмайды. Сондықтан студенттердің түрікше сөйлеп жатқанда 
табыс септікті қолдануда өте көп қиналатыны ғажап емес.
Фламандық студенттеріміз түрік тілінде етістіктердің талап 
ететін септіктерін көбінесе нидерландша сәйкес келетін етістіктер


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет