66
Түркология, № 4, 2017
Тәртіп мынадай:
бастауыш - толықтауыш – етістік çocuk elmayı
yedi
етістік,
толықтауыш ретінде қолданылған Ali’nin geldiğini
biliyorum
бағыныңқы сөйлемнен кейін келеді
Бұл жағдайлар нидерланд тіліндегі жүйемен салыстырылғанда
сөздердің сөйлемде орналасу тәртібінің қарама-қарсы екені байқалады.
Фламандық студенттер ауызша сөзде де, жазбаша сөзде де түрік
тіліндегі сөз тәртібін қолдануға көп қиналады. Сөз тәртібіндегі
айырмашылықтар фламандық студенттер үшін түрік тілін үйренуде
басты кедергі болады. Түрікше сөйлесу
олардан шахмат сияқты ми
гимнастикасын жасауды талап етеді. Сөйлеушінің айтқан сөздері мен
ойлаған ойлары арасында белгілі мөлшерде параллельдік бар. Мысалы,
фламандық студент бір сөйлемді айта бастағанда
дереу бастауыштан
соң етістікті ойлайды, өйткені етістік оның ана тілінде көбінесе екінші
орында келеді. Ал түрікше сөйлескенде студент бұл ойлау жолын
өзгертуге тиіс, бастауыштан соң
алдымен толықтауышты ойлауы
керек. Сөз тәртібіндегі айырмашылықтар, әсіресе,
сабақтас құрмалас
сөйлемдерді құрастыру мен түсінуді ауырлатады. Түрік тіліндегі сөз
тәртібі қазақ тіліндегі сөз тәртібімен
бірдей болғандықтан қазақ
студенттері үшін сөз тәртібі саласында қиындық болмауы керек. Енді
сабақтас
құрмалас
сөйлемдердің
құрамындағы
бағыныңқы
сөйлемдерге тоқталып өтейік.
3.3.2. Түрік тіліндегі бағыныңқы сөйлемдер
Батыс Еуропа және орыс тілдеріндегі
бағыныңқы сөйлемдерге
сай болғандықтан түрік тілі үшін де “бағыныңқы сөйлем” терминін
қолданып басты төрт түрлі бағыныңқы сөйлемді ажыратамыз.
Алғашқы екі түрді орысша терминдермен атаймыз.
1. Относительное придаточное предложение: түрік
тіліндегі
есімшелермен жасалған бағыныңқы сөйлемдер.
Бұларды түрік тілінде “-(y)en типі” мен “-diği типі” деп екі типке
бөлеміз:
[karıncaları yi-
Достарыңызбен бөлісу: