258
Қалыпты жағдайда артикуляциялық қимылдар және олармен
байланысты кинестетикалық импульстар (сөйлеу
аппаратынан бас ми
қабығына баратын) дыбыстық талдау және жинақтау процестерінде үлкен
рөл атқарады, сөздің дыбыстық құрамын анықтауға, дыбыс қатарының
қажетті кезектілігін сақтауға көмектеседі. Алалияда бала сөздегі
дыбыстардың, фразадағы сөздердің дұрыс кезектілігін таба алмайды, бір
сөзден екіншіге ауыса алмайды. Мұның салдарынан парафразиялар,
ауыстырулар,
персеверациялар көбейіп, негізгі жүйке процестерінің
қимылдары бұзылып, сөз қимыл анализаторындағы қозу мен тежелудің
тұрақталған аялары пайда болады. Ол моторлы алалиясы бар балалардың
есту қабілеті қалыпты және сөзді түсінуін сақталғанымен, параличпен
күрделі парездері (артикуляциялық мускулатураның) жоқ болған жағдайында
өзіндік сөйлеу тілі дамымай, көп
уақытқа дейін жеке дыбыстар, сөздер
деңгейінде қала береді.
Бас ми қабығының жетілмеу деңгейі неғұрлым көп болса, сөйлеу
дағдысының қалыптасуы анағұрлым күрделі болады. Артикуляциялық
праксис бұзылыстарымен сөз қимылдарының ұйымдастырылуы арасындағы
байланыс байқалады. Яғни сөйлеу тілінің фонетикалық жүйесі бір жағынан,
екінші жағынан сөйлеу тілін қабылдап түсінуі.
Н.Н.Трауготтың зерттеулері бойынша
моторлы алалиясы бар
балалардың 70% айтылған сөзді жақсы, толық түсінеді, 20% түсінуі сәл
төмен, 10% түсінбейді.
Балалар дыбыстық қабылдауының анықсыздығынан тек фразаның жеке
элементтерін қағып алып, біркелкі мағыналық құрылымда байланыстыра
алмайды. Түсінудің мұндай шектеулілігі негізгі ақаудың екіншісі белгісі
болады (өз сөйлеу тілінің дамымауы). Балалардың белсенді сөз қоры өте
кедей болғанымен, енжар сөз қоры жеткілікті болып келеді.
Бір қарағанда
сөзді түсінуімен балалар кейбір күрделенген сөйлемдерді түсінуде қиналады.
Түсінудің әр түрлі деңгейлері белгілі: грамматикалық формаларды мүлдем
түсінбеуден, жеке грамматикалық құрылымдарды түсінудегі қиындықтарға
дейін.
Алалияда сөз бен фразаның ырғақтық құрылымының қалыптаспауы
байқалады. Сонымен қатар сөйлеудің әуезділігі, жылдамдығы, ырғақтылығы
бұзылады. Сөздерді қайталағанда нұсқасын нақты айтпайды, сөздердің
орнына бірнеше бұрмаланған түрлерін айтады: февраль- «фраль», «вираль»,
«фараль», қызанақ – «қанақ», «қызақ», «зазанақ» т.б. Сөз қоры көбейген
сайын сөз құрамын меңгеру қиыншылықтары да күшейіп, көзге түсе
бастайды.
Моторлы алалиясы бар балалардың сөз қоры өте баяу,
бұрмаланып
дамиды, әңгімелеуде қате қолданылады. Лексикалық–семантикалық
құралдардың кедейлігі ұқсастығы бойынша алмастыруларға әкеп соғады
Достарыңызбен бөлісу: