208
Шикізаттың негізгі қажетті көрсеткіштері болып химиялық құ-
рамы (шайырлар, майлар,
асфальтендер, күкірт мөлшері), кокстену,
механикалық қоспа мөлшері саналады.
Кокстеуге жіберілетін қалдықтар жоғары молекулалы көмір-
сутектерден, шайыр-асфальтенді заттардан, карбендерден жəне кар-
боидтардан тұрады. Шикізаттағы компоненттер қатынасы мұ найдың
шығу тегіне, қалдықты алудағы
процесс жағдайына бай
ланысты.
Күкірттің мөлшеріне байланысты шикізат аз күкіртті жəне күкіртті
болып бөлінеді. Аз күкіртті шикізаттан коксте күкірт мөлшері 1,5%
көп емес өнім алады.
Ең көп тараған шикізаттар арасынан (гудрондар, мазуттар, кре-
кинг-қалдықтары) күкірттің кокс пен шикізаттағы мөлшерінің қатына-
сы 1,2-1,9 аралығында болады, бірақ кейбір екіншілік өңдеуден
алын ған мұнай фракцияларын кокстеуден алынған коксте күкірттің
мөл ше рі шикізаттағы күкірт мөлшеріне қарағанда аз болады.
Мұнай коксін пайдаланушылардың
негізгі талабы оның құрамын-
да күкірттің аз болуы. Сондықтан өндіріске құрамында шикізат мөл-
шері 0,5-0,8% көп емес шикізат жіберіледі. Қазіргі кезде күкіртті
шикізаттардан да кокс алудың технологиясы жасалған. Бірақ мұндай
жүйемен алынған кокстің құны аз күкіртті қалдықтардан алынғанда
көп жоғары.
Шикізаттың кокс түзілу қабілеті стандартты жағдайда анықтала-
тын кокстену көрсеткішімен сипатталады.
Кокстеу процесінде,
кокстенетін шикізат құрамында шайыр-асфальтен заттары көп болған
сайын кокс шығымы өседі. Экономикалық жағынан шикізаттың
кокстенуі 10%-дан кем болмауы тиімді. Бірақ шикізаттың құрамында
шайыр-асфальтен заттары көп болып, оның кокстенуі 20% асып
кетсе, онда шикізаттың қыздыру пешінде
тез кокстенуі орын алып,
қондырғының аралық жүру уақыты азаяды.
Өнімдердің құрамы мен қасиеті.
Газ құрамы термиялық газына
ұқсас, бірақ қаныққан көмірсутектерінің мөлшері көп. Кокстеу
температурасын көтеру газ құрамында қанықпаған көмірсутек тер-
дің мөлшерін көбейтеді. Мысалы, кокстеу температурасын 490°С-ден
510°С дейін көтеру алкендер мөлшерін 16-18%-дан 22-25%-ға дейін
өсіреді.
Кокстеу бензинінің құрамында қанықпаған
көмірсутектері мен
күкірт көп болғандықтан, оны алдын ала тазалаудан өткізбесе, тауар
бензинін дайындауда пайдалану қиындайды. Бензиндердің сапасын
209
жақсартудың келешектегі ең тиімді əдістері:
таза немесе алғашқы
айдау бензинімен қоспа күйінде терең гидрлеу жəне риформингтеу;
тура айдаумен алынған дизель фракцияларымен қосып гидротазалау.
Жеңіл газойль пеш жəне газтурбина отындарын алуда пайда-
ланылады, сонымен қатар оны гидротазалаудан кейін дизель отынын
дайындау үшін қолданады.
Ауыр газойль техникалық көміртегі өндіруге шикізат дайындай-
тын термиялық крекинг қондырғысына
немесе қазандық отынын
алуға жіберіледі.
Мұнай коксі қара түсті қатты кеуек өнім. Оны алюминий
өндірісін де анод массасын, болат балқыту өндірісінде, күкіртті көмір-
тегі, кальций мен
кремний карбидтерін өндіруге, графиттелінген
электродтар алуда пайдаланады. Кокстың арнайы түрлерін өте
агрессивті ортада жұмыс істейтін химиялық аппараттар материалы
есебінде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: