9.13. Инелік кокс өндіру технологиясының ерекшелігі Соңғы жылдары электрмен балқыту процестерінің жұмысын
жақсарту мақсатында, жоғары тоқ күшіне (30-35 ом/см
2
) есептелген,
жоғары сапалы графиттелінген электродтар көп қолданылуда.
Шет елдер жəне өз еліміздің тəжірибелері көрсеткендей, мұндай
электродтарды аз күлді жəне аз күкіртті, инелік құрылымды деп
аталатын кокс негізінде алуға болады. Тек қана инелік кокстен
жасалған арнайы электродтар ғана өте қажетті төмендегідей қа-
сиеттерді көрсете алады:
төменгі термиялық кеңею коэффициентін жəне жоғары электр өткізгіштікті. Дүниежүзінде инелік кокс өндіру көлемі қазір 2,0 млн. т/ж құрай-
ды. Инелік кокстың ең көп өндірушісі – АҚШ, Жапония, Ұлыбрита-
ния жəне Нидерланды елдері.
Қазақстанда өндіріс-тəжірибелік инелік кокс Атырау жəне
Павлодар МӨЗ ЖКҚ коксты пісіру секциясында алынуда жəне бұл
бағытта өндірісті жүйелі жолға қою саласында жұмыс атқарылуда.
Инелік кокстың əдеттегі электрод коксынан қасиеті жөнінен көп
айырмашылығы бар: талшықтарының айқын анизотроптылығы,
гетероқоспаның аздығы, меншікті тығыздығының жоғарылығы жəне
жақсы графиттелуі.
Инелік кокс өндіруде дəстүрлі шикізат болып термиялық кре-
кингтің дистилляты, аз күкіртті ароматталған қалдықтар, ката-
ли
ти
калық крекинг газойльдері, май өндірісінің экстракттары,
көмірсутектерді пиролиздеудің ауыр шайыры, сонымен қатар тас
көмір шайыры саналады. Инелік кокс алудағы қондырғы аппараттары
кəдімгі кокстеудегідей. Кокстеу температурасы инелік кокс өндіруде
жай кокс алудағыдай, тек қайта айналу коэффициенті аздап жо-
ғары жəне реактордағы қысым көптеу. Инелік коксты пісіру жай
кокспен салыстырғанда, жоғарылау температурада (1400-1450°С)
жүргізіледі.
Инелік коксты өндіруде МӨЗ дистилятты шикізатты термиялы
крекингтеу қондырғысының жəне ЖКҚ болуы қажет. Зауыттарда
бар ароматталған қалдықтар жоғары қысымда (6-8 МПа) термиялық
крекингтен одан ары қарай ароматтану жəне калдықтың кокстену
қабілетін арттыру мақсатында өткізіледі. Одан əрі дистиллятты-
крекинг қалдық (ДК) ЖКҚ жіберіледі.
214
ЖКҚ күкіртті гудрондардан инелік коксталу үшін гудронды
термиялық крекингтеу арқылы крекинг-қалдық алады, оны одан əрі
вакуумды-айдау арқылы бөліп, жеңіл жəне ауыр вакуум газойлін
алады, оларды одан əрі гидротазалаумен тазалап, кокстеп, инелік
кокс алуға болады.