Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Жай кокстеу қондырғысының технологиялық жүйесі



Pdf көрінісі
бет102/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   150
Байланысты:
munai

9.12. Жай кокстеу қондырғысының технологиялық жүйесі
Мұнай өңдеу зауыты жаймен кокстеу қондырғысының бірнеше 
түрлерін пайдаланады: бір блокты, екі немесе үш камералы 0,18 МПа 
қысымда жұмыс істейтін диаметрі: 4,8-5,0 м жəне төрт камералы 
екі блокты (ағымға екіден) диаметрі: 4,6 - 5,5 м-ден 0,4 МПа дейінгі 
қысымға есептелген. Бұл қондырғылардың қуаты əртүрлі: 300, 600, 
1500 мың т/ж шикізатқа есептегенде. 
30-сурет. 
Жай кокстеу жүйесінің технологиялық сұлбасы


210
Технологиялық жүйе. 
Екі блокты жай кокстеу қондырғысының 
жаңартылған жүйесі. Шикізат (1) сораптармен алынып, екі қатар 
ағыммен (2) жылу алмастырғыш арқылы (онда (16) бағанның қайта 
айналу шығынымен қыздырылады) өтіп, (5) пештердің имек құ-
бырының шыңдау бөлігіне түседі. Қыздырылған шикізат (16) ба-
ғананың каскадты тəрелкелеріне түседі. (16) бағанада шикізат реак-
циялық камералардан түскен булармен жанасып, 400
o
С дейін қызады. 
Кокстеудің жоғары қайнаушы конденсацияланған өнімдерімен жаңа 
шикізат қоспа түзіп, (16) астынан (7) сораптармен (6) құбырлы 
пештердің имек құбырына жіберіледі. Имек құбырлардан шикізат 
(14) екі бірге істейтін камераларға түседі.
Кокстің сапасын жақсарту үшін кокстеу процесінің булары 
арқылы камераларға қосымша жылу береді. (16) ауыр газойл алынып, 
(8) сораппен (5) пештердің имек құбырларының сол жақ бөлігі 
арқылы өтіп, 525°С дейін қыздырылады да, шикізатпен араласуға (9) 
ауыстырушы шүмектер бағытталады. Ауыр газойл камераларға ши-
кізатпен қоспа күйінде ғана емес, сонымен қабат өзінше де, шикізатты 
беруді тоқтатқаннан кейін 6 сағат бойы коксті «жұмсарту» мезгілінде 
де беріледі. Ауыр газойлды беруден кокстің механикалық қаттылығы 
артады жəне ұшқыш заттар мөлшері азаяды.
Кокстеу циклінің соңында кокстеу камерасына көбіктендірмеуші 
присадка (қосымша зат) енгізеді, бұл шикізаттың көбіктенуін азайтады 
да, бағанада, пеш сораптарында жəне пештердің реакциялық имек 
құбырларында кокстің түзілуін болдырмайды. Кокс камераларынан 
шығатын булар температурасын азайту үшін оның жоғары бөлігіне 
жеңіл газойл беріледі.
Камерадан реакция өнімдері (16) ректификациялау бағанасына 
жіберіледі. Бағананың төменгі бөлігі каскадты тəрелкелермен, жоғары 
ректификациялаушы тəрелкелермен жабдықталған. Бағананың 
жоғары бөлігінде реакция өнімдерінің фракцияға бөлінуі жүреді. 
Бензин булары мен газ бағананың жоғары жағынан (17) ауа 
конденсатор тоңазытқышқа жəне (18) су тоңазытқышына түседі. (18)-
ден конденсат (19) су газбөлгішке беріледі, онда газдың бензиннен 
жəне бензиннің судан бөлінуі орын алады. Су (22) сыйымдылыққа 
шы 
ғарылып, (6) пештер ағымдарының турбулизаторы ретінде (30 
жылу алмастырғышта алдын ала қыздырудан кейін) пайдаланады.


211
(16) бағанадан екі бүйірлі ағындар – жеңіл жəне ауыр газойлдар 
шығады. Бұл ағындар (21) буландырушы бағананың секцияларына 
түседі. Жеңіл газойл (21) бағананың жоғары секциясынан (31) со-
раппен (30) турбулизаторды қыздырушы жылу алмастырғыш, (33) 
буландырғыш, (34) ауа мен (35) су тоңазытқыштары арқылы өтеді, ал 
одан соң қондырғыдан шығарылады.
Ауыр газойл (21) бағананың төменгі секциясынан (29) сораппен 
(27) тұрақтандырғыштың шикізатты қыздыру жылу араластырғышы, 
(32) тұрақтандырғыш рибойлері, (36) буландырғышы, (37) ауа тоңа-
зытқышы арқылы өтеді, ал одан соң қондырғыдан шығарылады. 
(16) бағананың артық жылуы қайта айналушы ағынмен (15), 
сораппен (10) тəрелкеден алынып, шикізатты (2) қыздыру жылу 
алмастырғышы, (3) буландырғыш жəне (4) ауа тоңазытқыш арқылы 
өтеді, ал одан кейін бағанаға қайта келеді.
(19) су-газ бөлгіштен бензин фракциясы (20) сораппен (27) жылу 
алмастырғышы арқылы (26) тұрақтандырушы бағанаға бағытталады. 
Тұрақтандырушы бағанада бензиннің бутансыздану процесі жүреді. 
(26) жоғарысынан булар (25) конденсатор-тоңазытқышқа түседі, 
одан бу-сұйық қоспа (24) газ сепараторына жіберіледі, мұнда тұ-
рақтандырушы газға жəне тұрақтандырушы басқа фракцияға 
бөлінеді. Газ қондырғыдан шығарылады, ал басқа фракция (26) 
бағанаға ағын есебінде қайта беріледі. (26) төменінен тұрақты 
бензин өзіндік қысымымен (32) қайнатқыштан, (38) ауа жəне (39) су 
тоңазытқыштарынан өтеді. Эжекторда бензин қайта айналушы сіл-
тімен араласады, одан (41) сыйымдылықта бөлінеді. Тұрақтылығын 
жақсарту үшін бензинге қондырғыдан шығар алдында тотықтыруға 
қарсы заттар қосады.
Жай кокстеу қондырғыларының реакциялық камералары айналма 
графигі бойынша жұмыс істейді. Бұл график бойынша оларда 
мынадай ауыспалы циклдер: реакция, коксті суыту, коксті түсіру 
жəне камераны тазалау болады.
Бастапқы кезде шикізатты жұмысқа қосылмай тұрған камераға 
бергенде оның қабырғасы ыстық шикізатпен қызады. Бұл кезеңде 
булану процесі крекинг процесіне қарағанда басым болады, ал 
реакциялық камераның жоғарысынан шығушы дистиллят толығымен 
щикізаттың ыдырамаған жеңіл фракцияларынан тұрады. Камераның 


212
төменінде оған түскен шикізаттың ауыр бөлігі жиналады. Бірінші 
кезеңнің ұзақтығы шикізаттың сапасына жəне ол қай температураға 
дейін қыздырылғанына байланысты.
Кокс – көміртектің мөлшері көп болатын, бензолда ерімейтін 
қатты зат, бірақ күкірт көміртекте еритін карбендерден жəне барлық 
еріткіштерде ерімейтін карбоидтардан тұрады. Кокстегі С:Н 
атомдарының арақатынасы 2:4 құрайды, ал төменгі температураларда 
алынған үлгілер үшін ол айтарлықтай төмен (1,1:1,25).
Кокстің тығыздығы 1,4- 1,5 г/см
3
. Кокстегі карбендердің мөлшері 
өте көп емес – əдетте 2%-дан аспайды жəне неғұрлым кокстың 
тү 
зілу температурасы жоғары болған сайын, соғұрлым төмен 
болады. Карбендер – үлкен молекулалы қосылыстар. Олардың 
орташа молекулалық массасы – 100000-135000. Карбоидтар тігілген 
үшөлшемді полимер, оның көміртек атомдарының басым көпшілігі 
конденсацияланған арендік құрылымдарда болады. 
Сұйық фазада алкандарды, алкендерді жəне циклоалкандарды 
термиялық ыдыратқанда, кокс олардың терең ыдырау өнімдерінің 
екіншілікті реакциялар нəтижесінде түзіледі. Тікелей осы көмір-
сутектерден кокс түзілмейді. Арендердің термиялық ыдырауы ке-
зінде, кокстың түзілуі олардың құрылысымен байланысты əртүрлі 
жылдамдықпен жүреді. Мысалы, кокс түзілу жылдамдығы мына 
қатар бойынша кемиді: 
Нафтазен>α–метилантрацен>β-метилантрацен›>антрацен›>1,6-
диметилнафталин› >нафталин
Ароматты көмірсутектердің кокс түзу қабілеті – олардың 
молекуласындағы əлсіз байланыстың беріктігі азайған сайын жə-
не олардың радикалмен қосылу реакциясына түсу жылдамдығы 
көбейген сайын артады. Көмірсутектердің осы реакцияға түсу 
қабілетін метил радикалына ынтықтылығымен сипаттауға болады, ол 
метил радикалының берілген көмірсутекке қосылуының жылдамдық 
тұрақтысының эталонға қабылданған көмірсутектің тұрақтысына қа-
ты 
насымен өлшенеді. Мысалы, нафтацен, аценафтилен, антрацен, 
пирен, фенантрен жəне нафталин үшін бензолмен салыстырғандағы 
метил радикалына əсері, сəйкес 9250,1030, 820, 125, 27 жəне 22 
құрайды.
Қазіргі уақытта ең көп тарағаны – баяу кокстеу қондырғыларын-
дағы жартылай үздіксіз процесс.


213


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет