233
Процесті автоматтандыру.
Пиролиз қондырғысы приборлармен
жəне процесті автоматты реттеу жүйелерімен жабдықталған. Булан-
ды ру секциясындағы булар қысымы жылу алмастырғыш – буландыр-
ғышқа қызған су буын қысымды реттегіш көмегімен автоматты түрде
беру арқылы сақталып тұрады. Пиролиздік
жыланшалардан шыққан
кезде, пешке отынды берудің өзгерісі арқылы пиролиз газдарының
температурасы реттеліп отырады. Пиролиз температурасын пештің
жүктемесімен шикізат құрамы өзгергенде дер кезінде өзгертіп отыру
өте маңызды. Қазіргі кезде хроматографтарды қолдану арқылы реттеу
сызбанұсқалары енгізілуде. Шикізат
құрамын хроматографиялық
анализдеу негізінде автоматты режим өзгереді. Автоматты түрде
шынықтыруға судың берілуі де пиролиз газының температурасына
байланысты реттеліп отырады.
Құбырлы пештерде жеңіл көмірсутектік фракциялармен орташа
дистилляттарды пиролиздеу қазіргі кезде төменгі олефинді кө-
мірсутектерді өндірудің ең сенімді жəне экономикалық тиімді тəсілі
болып табылады. Құбырлы пиролиздеу процесінің технологияның
дамуындағы негізгі бағыттары төмендегідей:
- үлкен бірліктік қуаттылықтағы қондырғыларды салуға көшу
– жылына 1 млн. т дейін жəне жəне одан жоғары шикізатты
өңдейтін;
- жаңа жоғары өнімділіктегі аппаратураны – жоғары жылу
кернеуліктегі жəне жыланша ұзындығы бойынша температураны
аймақтық реттегіші бар пештерді қолдану;
- процестің температурасын 840-870
o
С дейін өсіру жəне
жа
насу уақытын 0,2-0,4 с дейін кеміту есебінен процестің таң-
дамалылығын ауыстыру;
- пиролиз өнімдерінің барлығын кешенді пайдалану – пиролиз
шайырынан ароматты көмірсутектерді, дивинилді, изопренді,
циклопентадиенді, оларды одан əрі қарай пайдалану мақсатында
бөлу;
- шикізат базасын кеңейту – бензин-рафинаттарды кең қолдану,
керосин-газойлдық фракцияларды пиролиздеуге көшу.
Құбырлы пештерде пиролиздеу арқылы этилен мен пропиленді
алу əдісінің артықшылықтарымен қатар,
бірқатар кемшіліктері де
бар. Пештерді құрастыру үшін жоғары легирленген болаттардың көп
234
мөлшерін пайдалану қажет болады, пиролиз температурасын, пеш
құбырының бұзылу қаупін болдырмау үшін 900°С жоғары көтермеу
қажет, құбырлық пиролиз қондырғыларында ауыр шикізат түрлерін,
құбырдың тез кокстелуін болдырмау үшін өңдеуге болмайды.
Сондықтан бүкіл дүниежүзінде
ғылымның, жобалау жəне
өнеркəсіптік мекемелер өкілі жаңа пиролиз əдісін жасауға бөлініп
отыр. Əсіресе, ауыр дистилляттарды, қалдық өнімдерді жəне шикі
мұнайды өңдеуге мүмкіндік беретін модификациялар ерекше көңіл
аударады.
Ауыр құрамдастарды жəне мұнайды пиролиздеудің жаңа
процестері реакторға жылуды беру тəсілі бойынша ерекшеленеді.
Пиролиздің жаңа процестерінің мынадай түрлері бар:
- термоконтактылы процестер;
- қызған су буымен пиролиздеу;
- тотығу пиролизі;
- плазмада пиролиздеу.