Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Катализдік крекинг қондырғысының құрылысы



Pdf көрінісі
бет121/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150
Байланысты:
munai

10.4. Катализдік крекинг қондырғысының құрылысы 
жəне жұмыс істеу принципі
Каталитикалық крекинг – мұнай өнімдерін өңдеудегі біршама 
дамыған əдіс. Ол термиялық процестермен салыстырғанда шикізат-
тың соңғы өнімге тез өтуімен сипатталады. Каталитикалық кре кинг-
те түзілетін бензиннің октан саны жоғары (~ 90) жəне сақтау кезінде 
тұрақты болады. Каталитикалық крекинг газдарының құрамында 
қаныққан (пропан жəне бутан) жəне қанықпаған (пропен жəне бутен) 


254
көмірсутектері болады. Оларды бөліп алғанннан кейін көптеген 
органикалық қосылыстардың синтезінде пайдаланады.
Егер мұнай өңдеу өнімдерін қалыпты қысымда жəне 650-700°С 
температурада қыздырса, пиролиз қабаттаса жүреді. Пиролизде 
көмірсутектердің ұзын тізбектері қысқа тізбекті көмірсутектерге 
ыдырайды. Мұнайды тікелей айдаудан алынған бензинді, катали-
тикалық риформинг жолымен жоғары октанды бензинге айналдыруға 
болады. Бұл процесті 500°С-да катализатор қатысында (платина, 
молибден немесе алюминий оксидтері) жүргізеді. Изомерлеу 
реакциясы нəтижесінде тармақталмаған (немесе аз тармақталған) 
көмірсутек молекуласы тармақталған түрге ауысады. Егер крекинг 
кезінде шикізат ретінде мұнайдың əртүрлі фракциялары (лигроиннен 
мазутқа дейін) пайдаланылса, ал риформинг процесінде шикізат 
ретінде жоғары октанды бензин жəне төмен бензин мен лигроин 
пайдаланылады. Сонымен, мұнай ароматты көмірсутектер бірінші 
кезекте бензол алынатын октан саны көмірсутектерін химиялық өңдеу 
тек қана жоғары сапалы емес, сондай-ақ халық шаруашылығының 
түрлі салаларына қажетті көптеген органикалық заттарды алуға 
мүмкіндік береді.
33-суретте осы типті қондырғының құрылысы мен жұмыс істеу 
принциптері қарастырылған.
31-сурет. 
Каталитикалық крекинг қондырғысының 
технологиялық сызбанұсқасы.
І – шикізат, ІІ – газдар, ІІІ – бензин; ІV – жеңіл газойль, V – ауыр 
газойль, VІ – декантат, VІІ – су буы, VІІІ – түтін газдары, ІХ – су, Х 
– ауа, ХІ – катализаторлық шаң, К – бағана, Р – реактор, П – пеш.


255
Пештен шығатын шикізат (газойль) (І) 600°С-ке дейін қызды-
рылған катализаторлық шаңмен (ХІ) араласады да, буланып түтік 
арқылы үздіксіз ағып реакторға (Р) барады. Реактордың сыйымдылы-
ғы үлкен болғандықтан, ондағы ағыс жылдамдығы бірден төмен-
деп, катализатор бөлшектері жылдам араласады да, қайнаған сұйық-
тық ретінде тығыздығы жеткіліксіз қабат түзеді. Крекингтің негізгі 
процесі де осында өтеді.
Крекинг өнімдері реактордың жоғары қабатында көтеріледі, та-
зартқыш (VІ) арқылы өтіп, катализатордың ілесе келген бөлшектерінен 
айрылады да, одан əрі ректификацияға барады. Крекинг кезінде 
айрылу өнімдері үстін жабатын катализатор ауа толқынымен (Х) бірге 
реактордан үздіксіз шығарылып регенераторға барады. Регенераторда 
тағы да қайнау қабаты принципі бойынша катализатордағы қоспалар 
өртенеді. Бұдан кейін катализатор жол-жөнекей шикізат ағысымен 
араласып, қайтадан реакторға барады.
Мазутты атмосфера қысымы жағдайында айдауға болмайды
өйткені жоғары температурада оның молекулалары ыдырай бас-
тайды. Бензинді қосымша алудың көзі де осы кұбылысқа жатады. 
Егер көмірсутектердің ірі молекулалары қатты қыздырған кезде, ұқ-
сас молекулаларға ыдырайтын болса, онда осы жолмен бензин фрак-
циясына сəйкес келетін молекулалар алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет