Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет122/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   150
Байланысты:
munai

10.5. Цеолитті крекинг катализаторлары
Соңғы онжылдықтардағы крекинг технологиясының үлкен 
жетістігінің бірі – құрамында цеолиті бар микросфералы синтетикалық 
катализаторларды пайдалану болып саналады. Олардың негізгі 
құраушы бөлігі тасымалдауыш (матрица) жəне цеолит болып 
табылады.
Каталитикалық жүйелерде белсенді заттың тасымалдауышы неме-
се матрицасы деп аталатын тасымалдауыш маңызды мəнге ие бола ды. 
Матрица цеолиттің жоғары температуралар шартында каталитика-
лық қасиеттерінің сақталуын, оларды каталитикалық улардың əсері-
нен сақтауын, белгілі пішінді, гранулометриялы құрамды жəне қажет-
ті механикалық беріктілікті жасауын, шикізаттың молекуласы үшін 
цеолитті құрауыштардың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.
Бірінші буынның катализаторларында матрица ретінде төмен мөл-
шерлі кремнийі бар синтетикалық алюмосиликаттарды қолданады, 


256
оларды берілген құрамдағы алюмокремнегельді тұнбалау əдісі арқы-
лы натрий оксидін жою үшін жəне уақ түйіршікті құрылыстың түзі луі 
үшін оны сулы ерітіндімен термохимиялық өңдеумен алады. Екін ші 
тектің катализаторларында матрица ретінде арнайы синтездел 
ген 
алю мо силикаттарды қолданады, əдетте, олардың құрамында тө мен 
белсенділігі бар, бірақ катализатордың термиялық тұрақтылы 
ғын 
қамтамасыз ету үшін қажет қасиеттердің жиынтығына ие болатын 
35-40% глиноземы бар көпқұрауышты болады. Одан басқа, матрица-
ның синтезі барысында, тұрақтандырғышты, мысалы, коалинді жə не 
байланыстырушыны – силикатты жəне алюмосиликатты күлдер 
ді 
немесе жоғары гидратталған гидрогельдерді қолданады.
Қатты катализаторлар үлкен бетке ие болуы қажет. Фазалардың 
қатынасының ауданданы үлкен болған сайын химиялық реак-
циялардың өту мүмкіншілігі жоғары болады. Осыған байланысты, 
катализаторлардың басым бөлігі жоғары кеуектілікті заттар болып 
табылады. Əдетте, катализатордың жалпы беті (ішкі жəне сыртқы 
беттерінің қосындысы) оның салмағының бірлігіне қатынасты болады 
жəне меншікті бет деп аталады. Уақ түйіршікті заттың түріне жəне 
уақ түйіршікті құрылыстың дамуының дəрежесіне байланысты оның 
меншікті беті 10-нан 1500м
2
/г-ға дейін өзгеруі мүмкін. 
Цеолиттер – бұл гетерогенді катализаторларының ерекше класы.
Цеолиттер – құрамында сілті жəне сілтілік-жер металдары (натрий, 
калий, кальций, магний жəне т.б.) бар алюмосиликаттар. Олар 
қарапайым жағдайларда су молекулаларымен толтырылған, уақ 
түйіршіктердің ұдайы қатаң құрылымымен ерекшеленеді. Сондықтан 
кептіру процесінде сумен қаныққан цеолиттерден олардың қайнау 
түрі түзіледі. 
1756 жылы Ф.Кронштедт қыздыру кезінде стильбиттің (гид-
ротталған алюминий силикаттарына жататын минерал) домбығуын 
(су бөлінумен көлемі ұлғайғанын) байқады. Сондықтан ол «цеолит» 
(грек. аудармасы «қайнап жатқан тас») терминін енгізді. Бұл қасиет 
басқа минералдарда да бар. Зерттеулер арқылы цеолиттердің крис-
талдық құрылымын өзгертпей суды жəне басқа да молекулаларды 
сіңіру қабілеті адсорбция құбылысымен байланысты, яғни бір заттың 
екінші затпен қатты дененің бетінде сіңірілуі. Цеолиттердің жалпы 
химиялық формуласы:


257
Ме
2/n
· 
х
(SiO
2
) ·
у
(Al
2
O
3
) · z(H
2
O)
Ме – катион, n – оның валенттілігі, х,у,z – коэффициенттер.
Цеолиттер табиғи жəне синтетикалық болады. Бір-бірімен тұтас 
кристалды қаңқамен байланысқан кремнийлі жəне алюминий оттекті 
тетраэдрлер олардың құрылымды элементтері болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет