276
Каталитикалық риформинг процесіндегі соңғы жылдардағы алға
жылжу ретті платиналы катализаторларды қолдануға байланысты.
Жаңа катализаторлар 0,3-0,6% платинадан басқа 0,3-0,4% ренийден
тұрады. Биметалдық катализаторларды қолдану арқылы риформинг
қысымын 3,5-тен 1,5-2,0 МПа дейін төмендетіп, октандық саны 95-ке
дейін жететін бензин шығымын арттыруға болады.
Риформинг процесін одан əрі
жетілдіру полиметалды ката
ли-
заторларды қолдану арқылы жүзеге асады. Олар биметалды ка
та-
лизаторлармен салыстырғанда тұрақты, əрі бензин шығымын біршама
арттырады.
38-сурет.
Қозғалмалы қабаты бар катализаторда жүретін
риформинг қондырғысының сызбанұсқасы.
1 – регенерация бөлімі; 2 – реактор; 3 – үрлегіш;
4 – жылуалмастырғыш; 5 – көпбөлімді пеш; 6 – сығылтқыш;
7 – жоғары қысымды газ айырғышы; 8 – төмен қысымды газ
айырғышы; 9 – тұрақтандыру бағанасы; 10 – тоңазытқыш;
11 – үрлегіш, 12 – құбырлы пеш. І – шикізат; ІІ – ауа;
ІІІ – түтінді газдар; ІV – айнымалы газ; V – су; VІ – зауытты
тұтынушыларға арналған сутек; VІІ – газтектес көмірсутектер;
VІІІ – тұрақсыз басты фракция; ІХ – отынды газ;
Х – тұрақты катализат.
Достарыңызбен бөлісу: