259
талықтарды түрлендіреді. Бұдан цеолиттің адсорбциялық қасиеті
– қуыстарда немесе бетте ол қандай молекулаларды жəне қандай
қуатпен адсорбциялайтындығы жəне олармен қандай деструктивтік
өзгерістер жүргізуге болатындығына тəуелділігі түсіндіріледі.
36-сурет.
Ұсақ уақ түйіршікті (а) жəне ірі уақ түйіршікті
(ə) крекинг катализаторының матрицасының құрылысы
Реакцияға қатысатын молекулалардың көлеміне байланысты
цео
литтердің селективтілік қасиеті бар. Олардың селективтілігі
қуыс
тардың көлеміне жəне сол қуыстары арқылы белгілі көлем
мен формадағы молекулалардың өтуіне байланысты болады. Бұл
қасиет бастапқы заттарға да, өнімдерге де тиесілі. Осылайша, көп
тар
мақталған реагент катализатордың қуысы арқылы өтпейді, ал
пара-ксилол жеңіл түзілетін өнім болып табылады. Көлемді орто-
жəне мета-изомерлері цеолиттердің қуысында тұрып қалады. Цеолит
ұяшықтарының өлшемін көптеген органикалық молекулалармен
салыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: