Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Реактивті қозғалтқыштарға арналған отындар



Pdf көрінісі
бет45/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   150
Байланысты:
munai

6.2. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отындар
Турбо компрессорлы ауалы реактивті қозғалтқыштарда отынның 
жануы газды ауаның толассыз жану камерасында өтеді. Отынның 
жану жəне булану ұзақтығы 0,01 секундтан көп емес. Ауа көп мөл-
шерде газды турбинамен жұмыс жасайтын компрессорға беріледі. 
Ауа жылдамдығының ағымы секундына 40-60 м-ге жетеді. Ауаның 
бір бөлігі жану зонасына беріледі, ауа жылдамдығының екінші бөлігі 
жуу өнімдерінің 90°С-ге дейін салқындатуға беріледі, отын сығылған 
ауаға бүркіледі жəне электр ұшқынымен жанады. 
Авиациялық реактивтерге отын ретінде мұнайды тіке айдау ката-
литикалық крекинг, гидрогенезация процестері нəтижесінде алы-
нады. Оларға айдау шегі 120-250°С авиациялық керосиндер кең 
көлемді бензин, керосинді фракция 60-280°С жəне ұшу жылдамдығы 
дыбыс жылдамдығынан көп, өте биікке ұшатын қозғалтқыштарда 
қолданылатын ауырлатылған керосиндер 190-315°С. Реактивті 


97
отын 
дар саласының негізгі көрсеткіштеріне: тығыздық, жану жы-
луы, реакциялық құрамы, тұтқырлық, бастапқы кристалдану тем-
пературасы, арендер құрамындағы күкірттің, белсенді күкіртті қо-
сылыстардың, шайырлардың жəне қанықпаған көмірсутектердің аз 
мөлшерінің болуы, қыздыруға тұрақтылығы жатады.
Бұл отындарға қойылатын талаптар: олар отын жүретін жол-
мен төменнен жоғарыға үздіксіз айдалу қажет, яғни отын 50°С 
көмірсутектердің жəне мұздардың кристалдарын түзбеу қажет 
жəне 100°С-ден жоғары температурада буланбау қажет жəне смола, 
басқа қалдықтар бөлмеуі керек. Бұл талаптар орындалуы үшін отын 
құрамында ұзын тізбекті алкандар болмауы керек, себебі олардың 
суу температурасы төмен. Қанықпаған көмірсутектер болмауы керек, 
су мөлшері 0,3%-дан аспауы қажет. Реактивті отындардың арендерге 
бай болуында, əсіресе қос сақиналылары тиімді емес, себебі аренді 
көмірсутектер жанғанда көміртегі күйе түзеді, олар жану камерасы 
мен форсунка мұржаларының беттеріне отырады, жалын формасын 
бұзады, ақырында қатты қызған мұржаның қабырғасы бұзылады. 
Жалынның қызуы күшейе түседі, камера қабырғасында нормадан 
тыс артады. Бұл қозғалтқыштың жұмысын қысқартады. Мұның бəрі 
жану газдарында арен көмірсутектерінің қатты қызған көміртегі 
бөлшектері пайда болады. Көмір күйе түзілуі отынның соңғы 
қайнау температурасы, тығыздығы, күкіртті қосылыстар жəне 
шайыр мөлшері көбеюімен өседі. Осы себептерден отындардың 
ароматты көмірсутектер мөлшері (10%) норма белгіленген. Реактив 
отындардың тиімділігінің тағы бір көрсеткіші – күйесіз жалынының 
биіктігі (20-25 мм-ден кем емес) люминометрия саны болып 
табылады. Люминометрия санын октан саны секілді эталон отынмен 
салыстырып анықтайды. Онда тетролин – 0, октан – 100 деп алынады. 
Реактив отындарының тиімділігінің люминометриялық саны октан 
55-тен төмен болмауы керек. Көмірсутектердің люминометриялық 
санының кему қатары: н-алкандар, изоалкандар, сақина алкандар, 
алкендер, алкадиендер, арендер. 
Отын тығыздығы (0,755 – 0840 г/см
3
кем емес) көп болуы 
керек. Реактивті отындар гигроскопиялы болғандықтан, оларда 
ылғал жиналады. Төмен температурада ұшақ бактеріне мұз крис-
талдары түзіледі, отын фильтрлерін бітейді. Бұның алдын алу үшін 
қондырма есебінде этилцеллозоль (этиленгликольдің бір этил эфирі) 
қолданылады. Ол суда жақсы ериді, кейбір микроорганизмдер сұйық 


98
мұнай отыны ортасында жақсы дамиды. Мұнай микроорганизмдері 
реактивті ұшақтарда эксплуатациялық əртүрлі ақау туғызады 
(фильтрлер бітелуі, қорғағыш жамылғылардың бұзылуы, отын 
бактериялары коррозиясы) – бұл қауіпті құбылыс. Бұл микро-
организмдермен күресу үшін биоцитті қондырмалар (фенол, 
аминофенол) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет