Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Мұнай майлары, олардың классификациясы



Pdf көрінісі
бет47/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   150
Байланысты:
munai

6.4. Мұнай майлары, олардың классификациясы
Мұнай майларының міндеті əртүрлі қозғалушы механизмдердегі, 
станоктардағы, қозғалтқыштардағы қозғалатын қатты бөлшектерінің 
арасындағы үйкелісті азайту, сөйтіп олардың тозуын болдырмау. 
Барлық мұнай майларына қойылатын негізгі талап – оның тұтқырлығы. 
Меншікті күшке үйкелісетін қатты бөлшектердің қозғалысына, 
жылдамдығына жəне талап етілетін температураға байланысты май-
лайтын майлардың тұтқырлығы да əртүрлі болады. Мысалы, жеңіл 
дистиллятты индустриалды майда 50°С-де тұтқырлық 4-10 Ст ара-
лығында, ал тұтқырлығы жоғары қалдық майларда 100°С-де 30-40 Ст 
болады. 
Мұнай майлары сұйық қайнауы жоғары қажетсіз қоспалардан 
тазартылған фракциялар қоспасының мұнай майларын синтетикалық 
майлардан айыру үшін минералды деп те атайды. Мұнай майларын 
бөлу əдісіне қарай 
дистиллятты қалдық жəне аралас деп бөледі.
Тазалау əдісіне байланысты: тазаланбаған (мұнайды тура айдаудан 
кейін алған), сілтімен, қышқыл-сілтімен талғамды жəне адсорбциялы 
тазаланған, гидротазаланған деп бөледі.
Пайдалану орнына байланысты: майлайтын жəне арнайы деп 
бөледі. Майлайтын майларға индустриалды жəне мотор майлары, 
станок майлары, вакуум, энергетика, трансмиссия, гидравлика 
майлары, т.б. деп бөледі. Индустриалды май əртүрлі өндіріс құрал-
жабдықтарын майлауға арналған. Индустриалды май топтары: 
1. И сериялы (И – 5 А, И – 8 А, И – 12 А) тігін машиналарын, 
металл кесетін станоктарды бақылап, өлшеу приборларын майлауға 
қолданылады;
2. Жоғары жылдамдықты механизмдерге арналған майларды (ИГП 
– 4, ИГП – 6 жəне т.б.) əртүрлі станок құрал-жабдықтарын, тісті-
бұрамалы беттерді майлауда қолданылады; 
3. Гидравликалық жүйелеу үшін автоматттандыру жүйелерін, 
редукторларды майлауға қолданылады.
4. Л жəне Т сепаратор майлары.
Майлайтын майлардың өте маңызды тобын карбюратор, 
автотрактор, дизель жəне ұшақ қозғалтқыштарының мотор майлары 
құрайды.
Пайдалану қасиеттеріне байланысты мотор майларын төмендегідей 
бөледі:


101
А – жылдамдатылған карбюратор жəне дизель қозғалтқыш-
тарында;
Б1 – аз жылдамдықты дизель қозғалтқыштарында; 
В1 – орта жылдамдықты карбюратор қозғалтқыштарында;
Г1 – орта жылдамдатылған карбюратор қозғалтқыштарында;
В2 – орта жылдамдатылған дизель қозғалтқыштарында;
Г2 – жоғары жылдамдатылған дизель қозғалтқыштарында;
Е – айналуы аз дизель қозғалтқыштарында, күкірт мөлшері жоғары, 
ауыр отынмен жұмыс жасайтындарында. 
Ұшақ майларын поршеньді жəне газтурбиналы қозғалтқыштар үшін 
деп бөледі. Цилиндр майлары бу машиналарының ыстық бөлшектерін 
майлауға арналған трансмиссия майлары, көлік машиналарының 
жылжу қораптарының тісті жалғасу жерлерінде бөлшектер үйкелісі 
күшті жағдайда – 50-150°С температура аралы ғында жұмыс жасайды. 
Жоғары температурада еріп кетпейтін, керісінше төмен температурада 
ағу қасиетін жоғалтпайтын болуы керек. Егер май жоғары күшпен 
жəне тез жылдамдықпен жұмыс жасайтын болса, онда тіптен жоғары 
тұтқырлықтың өзі де олардың майлану қасиетін сақтай алмайды. 
Бұл кезде керекті көрсеткіш майдың майлылығы немесе майлану 
қабілеттілігін анықтауға болады. Мұздатқыш машиналар майлары 
приборлы, моторлы майлар 30-60°С-ге дейінгі температурада өздерінің 
эксплуатациялық қасиеттерін жоғалтпауы керек. Майлардың ең сапалы 
көрсеткіштерінің бірі – олардың ауа оттегісіне төзімділігі. Май жұмыс 
жағдайында тотығу процесін тездететін көптеген фракциялармен 
əрекеттеседі. Жоғары температурада əртүрлі металдардың 
каталитикалық əсері ауамен жанасуынан, т.б. металдар коррозияға 
ұшырайды. Қышқылдар жəне су трансформаторлы майларда жиналса, 
электр өткізгіштік қасиеті өседі. 
Мұнай майларын қазіргі ең жетік əдістермен тазаласа да, олардың 
сапасы тұтынушылардың талабына сай келе бермейді, сондықтан 
майлардың тұтынуға қажетті қасиеттерін жоғары деңгейге жеткізу 
үшін тазаланған базалы майларға қондырмалар қосады. Майлаушы 
майларға əсері жағынан қондырмаларды келесідей бөледі: 
- депрессатор – тотығуға, коррозияға қарсы; 
- дисперстеуші – тозуға жəне мүжілуге, көбіктенуге қарсы;
- көп функционалды дипрессаторлар қосу арқылы майлардың суу 
температурасын төмендетеді жəне төмен температурада олардың 
қозғалтқыштарына əсер етеді.


102
Кальций алкилфеноляты (КАФ), т.б. қолданылады.
Тотығуға қарсы қолданылатын тиімді ингибитор индол болып 
саналады. Коррозияға қарсы қондырма есебіне əртүрлі жəне фосфоры 
бар қосылыстар қолданылады. Олар металл бөлшектеріне тез 
адсорбцияланып, бір молекулалы қозғаушы қабат түзеді. Тотығуға 
қарсы қондырмалар металл беттерін атмосфералық коррозиядан 
қорғайды. Олар май қышқылдары, олардың эфирлері, т.б. Көбікке 
қарсы қондырмалар майлардың ауамен күшті араластырудан болатын 
көбік түзілуін болдырмайды. Май көбігі жоғары ұшатын ұшақтарда 
жəне тез жүретін автомобильдерде болуы мүмкін. Ең жақсы қондырма 
ретінде кремний, силиконды органикалық қосылыстар жəне т.б. 
қолданылады. Көп функциялы қондырманың артықшылығы бірнеше 
қондырма жұмысын бір өзі атқара алуында. Мысалы, Деффе-11 
қондырмасы бұзылуға қарсы жуушы, тотығуға жəне коррозияға 
қарсы қасиеттер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет