109
6-сурет.
Мұнайды газсыздандыру қондырғысының
технологиялық сызбанұсқасы
Бұл сораптар бір сатылы, сондықтан газдың бəрі толық бөлінбейді,
40-50% мұнайда қалады. Кейін өлшегіш қазанға түсіп, одан мұнай
жинайтын пунктке барып, көпшілігі ауаға ұшып кетеді. Сондықтан
көпсатылы сепарациялау тиімді. Ұңғымада жоғары қысым ұсталады.
Ұңғымаға жақын жерде қысымы 6-7 атм. тең болатын сепарацияның
бірінші сатысы С-1 орналасқан. Бұл қысым басқа қысымсыз, газды
газ-бензинді зауытқа беруге жеткілікті. Газ бөлгіштен мұнайдың
қалғаны еріген газбен бірге өзі ағу арқылы орталық жинау пунктіне
жиналады.
Бұл пунктте əр ұңғымадан келген ағын жиналады. Қысым азаюы
арқылы тағы да С-2-де газдың бөлінуі жүреді. Бұл газ компрессор
арқылы газ-бензинді зауытқа беріледі. Көпсатылы сепарацияның
маңызы – мұнайдан газ біршама жақсы бөлінеді, газ бен мұнай
тамшылары ілесіп кетуі тоқтайды жəне газды қысу үшін энергия аз
жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: