113
арқылы шикізат сорабының қабылдау бөлігіне қайта түседі, ол
бөлінген су суытылғаннан кейін канализацияға түсіріліп, тазалауға
жіберіледі.
Тұздардан айыру процесінің температурасы мен қысымы таза-
ланатын мұнай қасиетіне байланысты. Тұтқырлығы төмен тұрақты
эмульсия түзбейтін жеңіл мұнайларды тұздардан айыру 80-100°С
температурада, Маңғыстау мұнайына 130-140°С температурада
жүргізіледі.
Тұзсыздандыру температурасын көтеру электр ток өткізгіштікті
жəне ток күшін көтереді, изолятор жұмысын күрделендіреді. Де-
эмульгаторды мұнайға біркелкі берілу үшін үлкен рөл атқарады.
Деэмульгаторлардың шығыны 10-30 г/т-ға дейін жəне ол су мен
мұнайдың түзілген эмульсия тұтқырлығына байланысты. Өндірісте
деэмульгаторларды органикалық еріткіштерде концентрациялық
ерітінді күйінде шығарады, олардан қолдану алдында 1-5% судағы
ерітіндісін даярлайды. Сілтіні мұнайға бос күкіртті сутегімен жүретін
коррозиядан басу үшін береді. Жуу суы есебінде өзен суын, бу
конденсатын жəне айналма су жүйесінің суын қолданады.
ЭТТҚ тəжірибесі көрсеткендей, терең тұзсыздандыру үшін
мұнайға 10-15%-ға дейін ағын суды қосу қажет. Əр тұзсыздандыру
сатысында суды қайта пайдалану желісі нəтижесінде, таза суды
пайдалану шығынын қондырғы бойынша 2,5%-ға дейін азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: