Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет54/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   150
Байланысты:
munai

7.5. ЭТТҚ аппараттарының қондырғысы
Тұзсыздандыру қондырғысының негізгі аппараты жоғары кернеу-
лі өзгермелі ток жүргізілген электродегидраторлар болып табылады. 
Зауыттағы жəне өнеркəсіптегі ЭТТҚ қондырғысында конструкциясы 
əртүрлі электродегидраторлар қолданылады. Олар: шарлы, тік, көл-
денең электродегидраторлар.
Тік электродегидраторлар – диаметрі 3 м, биіктігі – 5 м жəне көлемі 
– 30 м
3
болатын цилиндрлі ыдыс. Ішінде фарфорлы изоляторларға 
ілінген металды пластиналар электродтар болады. Ток əрқайсысының 
қуаттылығы 5кВА (киловатт ампер) кернеу 15-33 кВ-қа дейін.
Шикізат электродтарға аппарат құбырының осіне тік қондырылған 
штуцер арқылы беріледі. Өңделген мұнай электродегидратордың 
жоғарысынан, ал тұндырылған су төменінен кетеді.
Тік электродегидратордың кемшілігіне аз өнімділігі, тұздау темпе-
ратурасының жеткіліксіздігі жатады. ЭТТҚ қондырғысында өнімді-
лі 
гі төмен болғандықтан, параллельді 6-12 аппарат жалғастырыл-
ған. 1955-70 жылдары құрылған қуатты электро тұзсыздандыру шы 
қон дыр ғыларда сыйымдылығы 600 м
3
жəне диаметрі 10,5 м шар лы 
электро дегидраторлар қондырылды. Мұндай дегидраторлардың тиім-
ділігі сағатына 300-500 м
3
, жұмыс принципі тік ЭТТҚ-мен бірдей, 


116
бірақ шикізат енгізетін жері жəне электрод жұптары үшеуден. Шарлы 
дегидраторлардың өнімділігі 10-15 есе жоғары, бірақ бұлардың 
дауысы қатты жəне дайындалуы қиын. Сонымен қатар, бұлар 
жоғары қысымда жұмыс жасай алмайды, қысымды жоғарылату үшін 
аппаратқа көп металл шығындалады. 
9-сурет.
1ЭГ160 көлденең электрдегидратордың көлденең қимасы.
1 – шикізатты енгізуге арналған штуцер; 2 – төменгі коллектор; 
3, 4 – электродтар; 5 – жоғары коллектор; 6 – тұзсыздалған 
мұнайдың шығарылуы; 7 – өтпелі изолятор; 8 – ілмелі изолятор.
Соңғы жылдары біздің елімізде көп тарағаны – көлденең ЭТТҚ. 
Бұл ЭТТҚ-ның жұмыс қысымы 18 атм. жəне процесс температурасы 
140-160°С. 
Көлденең ЭТТҚ-ның диаметрі 3-4 м жəне көлемі 80-160 м
3
-ке дейін. 
Бұларда температураны жəне қысымды көтеру үлкен рөл атқарады, 
ол ауыр тұзсызданатын мұнайларды терең тұзсыздандырады жəне 
сусыздандырады. Көлденең ЭТТҚ-дағы электродтар аппараттың 
ортасында орналасады. Олар бір-біріне көлденең ілінген, арақа-
шықтықтары 25-40 см. Көлденең ЭТТҚ-ға шикізатты енгізу аппаратта 
көлденең орналасқан арнайы маточник деп аталатын құрылғы арқылы 
іске асады.
Мұнай аппаратқа түскеннен кейін тұндырылған су қабатына бара-
ды, содан кейін электрод асты зонасына келеді. Одан электрод ара лық 
кеңістікке, соңынан электрод үсті зонасына барады. Дегидратордың 


117
жоғарғы бөлігінде өңделген мұнайды шығаратын коллекторлар бо-
лады. Бұл конструкцияның жетістігі: мұнай қозғалысының жəне 
мұ найдың аппаратта бөлу уақыты мен жолының ұзақтығында. Се-
бебі, бұларда шикізат енгізетін жер төмен орналасқан, бұл судың 
тұну жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, горизонтальді ЭТТҚ-да 
судың ірі тамшылары қатты электр зонасына қорықпай-ақ су мөлшері 
көп мұнайларды өңдей беруге болады. Шарлыға қарағанда меншікті 
өнімділігі 2,6 есе көп, ал меншікті металл шығыны 2,5 есе аз. 
Электротұзсыздандыру қондырғысында жұмыс істейтін жұмыс-
шыларға электр тоғы жоғары аппараттармен жұмыс жасуға 
тура келеді. Бұл ЭТТҚ қондырғысының қауіптілігін күшейтеді. 
Электродегидратордың трансформатор жəне реактивті катушкалар 
орналасқан жоғары бөлігінде торлы қоршаулар болады. ЭТТҚ-дың 
жоғарысында көтерілетін баспалдақта. Баспалдақтың есігі ашылғанда 
электр тогын сөндіретін блокты құрылғы болады. Аппараттардың 
əрқайсысында электродегидратордағы мұнай деңгейі төмендегенде 
кернеуді сөндіретін құрылғы болады. Электродегидраторлардың 
ішінде жəне жоғарысында орналасқан құрал-жабдықтарды жөндеу 
үшін кернеуді сөндіру керек. Дегидратор тұрған орынды мұқият 
желдету керек. Трансформатор кернеуінің жоғары жағына ток 
келмеуін бақылау керек.


118


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет