Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет51/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   150
Байланысты:
munai

Мұнайды сусыздандыру.
Өңдеуге түсетін мұнай құрамында судың 
жəне тұздардың болуы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына көп 
зиян келтіреді. Судың мөлшері көп болса, мұнай айдау қондырғысы-
ның аппараттарында қысым көтеріледі, олардың қуаты кемиді, суды 
қыздыруға жəне буландыруға артық жылу шығарылады.
Судың мұнаймен бірге болуы ондағы тұздарды ерітіп, гидролиз 
реакциясы күшейіп, аппараттарының коррозиясын үдетеді. Мұнай 
мен су эмульсия түрінде болады. Эмульсияны бұзу үшін құбыр ішінде 
ең жетік қолданылатын қысыммен жүргізілетін термохимиялық 
тұндыру əдістерін қолданады.


110
7-сурет. 
Мұнайды сусыздандыру қондырғысының 
технологиялық сұлбасы
Газдан айырылған шикі мұнай (2) сораппен (1) ыдыстан алы-
нып, (3) жылу алмастырғыш пен (4) бу қыздырғыш арқылы (5) 
термо 
тұндырғышқа итеріліп жіберіледі. Мұнай сорапқа түсер ал-
дында деэмульгатор қосылады. Термотұндырғышта мұнай 1,5 МПа 
қысыммен 1-3 сағаттай болады. Судан айырылған мұнай (3) жылу 
алмастырғыш арқылы (6) резервуарға жіберіледі. Резервуарларда 
мұнай қосымша судан бөлінеді. Су (5) жəне (6) ыдыстарынан (10) 
мұнай ұстағышқа, одан кейін (7) канализацияға жіберіледі. Ағынды 
судың бір бөлігі (8) сораппен шикізат ілеспе судағы деэмульгаторды 
қайта пайдалануға береді. Мұнай (11) сораппен ұстағыштан қайтадан 
судан айыруға беріледі.
7.3. Мұнайды тұзсыздандыру
Мұнайға ең күшті теріс əсер ететіндер – тұздар, оның ішінде 
хлоридтер. Олар жылу алмастырғыш пен пештің қабырғаларына 
отырады, нəтижесінде құбырларды жиі тазалап тұруға тура келеді, 
жылу алмастыру коэффиценттерін төмендетеді.
Хлорлы натрий іс жүзінде гидролизденбейді, хлорлы кальций тиесілі 
жағдайда HCl түзіп, 10 %-на дейін гидролизге түсуі мүмкін. Хлорлы 
магний 90% гидролизденеді, яғни бұл процесс төмен температурада 
жүреді. Сондықтан тұздар мұнай өңдеу аппаратының коррозияға 
ұшырауының негізгі себебі болуы мүмкін. Хлорлы магний гидролизі:


111
MgCl
2
+ H
2

Mg (OH)Cl + HCl
Мұнайдағы бар судың əсерімен жəне хлорлы магнийдің өзінің 
кристалды суының əсерімен жүреді.
Аппараттардың гидролиз өнімдерімен бұзылуы жоғары тем-
пература аймақтарында (пеш құбырларында, буландырғаштарда, 
ректификациялық бағаналарда) жəне төмен температурада істейтін 
аппараттарда да (конденсаторлар жəне тоңазытқыштар) орын алады. 
Қалдық өнімдердегі (мазутта жəне гудронда) кейбір тұздар олардың 
сапасын төмендетеді.
Мұнайды айдау кезінде күкіртті қосылыстары ыдырап, күкіртсутегі 
түзіледі, ол аппараттарды коррозияға түсіреді. Күкіртсутегі жоғары 
температурада металдармен əрекеттесіп, күкіртті темір түзеді.
H
2
S + Fe 
FeS + H
2
FeS тұратын қорғау металл бетін аздап болса да, одан арғы 
коррозиядан қорғайды, бірақ хлоридтің гидролизінен түзілген хлорлы 
сутегі болған жағдайда, FeS тұратын қорғау қабаты онымен реакцияға 
түсіп, бұзылады:
FeS + 2HCl 
FeCl
2
+ H
2
S
Хлорлы темір су ерітіндісіне өтеді де, бөлінген күкіртті сутегі 
темірмен қайтадан реакцияға түседі.
Мұнай өңдеу зауытында жіберілетін мұнайдағы тұздар мөлшері 
50 мг/л көп емес, ал айдауға берілетін мұнайда 5 мг/л көп емес болуы 
қажет. 
Сондықтан мұнайды өңдеуге жіберу алдында оны судан жəне 
тұздардан айыру қажет.
Нəтижесінде су мөлшері 0,05-0,1% дейін, ал тұздар 3-5 мг/л-ге 
жəне одан да төмендейді.
Термохимиялық судан айыруда мұнайдағы судың мөлшері 0,5-
1%-ға дейін төмендейді, сонымен бірге тұздардың едəуір бөлігі 
бөлінеді. Бірақ мұнайлардың кемшілігі – судан жəне тұздардан 
қосымша тазалауды қажет етеді. Мұнайды тазалауды қажет етеді. 
Мұнайды тазалауды электротермиялық əдіспен, термохимиялық 


112
тұндыру мен эмульсияны электр өрісінде əрекеттеу арқылы жүргізеді. 
Мұнайдан су мен тұзды бөлудің электрохимиялық қондырғысын 
электртұзсыздандырушы (ЭТТҚ) деп атайды. Қазіргі кезде ЭТТҚ іс 
жүзінде барлық МӨЗ құрамында бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет