6.5. Мұнай битумдары. Кокс
Мұнай битумдарын дүниежүзінің барлық елдеріндегі пайдалану
үздіксіз өсуде. Көптеген мұнай өнімдерінің ішінде битумдар көлемі
жөнінен де, ассортименті жағынан да өте маңызды орын алады.
Битумдар – қоңыр-қара түсті, созылмалы, сұйық, жартылай қатты
жəне қатты болып келетін мұнай өнімдері. Битумның түсі маркасына
жəне атқаратын қызметіне байланысты. Мұнай өнімдерінің ішінде
битумдардың тұтқырлығы ең жоғары. Физика-химиялық көзқарас
бойынша, битумдар – майлар мен төмен молекулалы шайырлар
ортасында асфальтендермен ассоциацияланған жоғары молекулалы
шайырлардың күрделі коллоид жүйесі. Битумдарға қойылатын
талаптар, əсіресе, жол битумдарында, əртүрлі. Жол битумдарының
негізгі міндеті минералдық материалдардың бөлшектерін
байланыстыру, желімдеу, оларға гидрофобты қасиет беру. Сондықтан
асфальтты жол бетінің тұрақтылығы жəне көп уақыт қызмет етуі
битумдар сапасына байланысты. Жол битумдары мынадай талаптарға
сай болуы керек:
а) жоғарғы температураға төзімді;
ə) теріс температураға төзімді;
б) сығуға, соққыға, қозғалушы көлік əсеріне тəуелді;
в) көп уақыт бастапқы тұтқырлықты сақтауы керек.
103
Құрылыс битумдарының жол битумдарына қарағанда созылым-
дылығы аз, қаттылау болуы керек. Пайдалану кезінде күн сəулесінің,
ауадағы оттегінің жоғары жəне төмен температураның əсерінен,
температураның күрт өзгеруінен битумдар бүлінеді. Битумның
коллоидты құрылымы ыдырайды, шайырлар мен асфальтендер
карбен мен карбоидтарға ауысады. Битумның бүтін қабат түзу
қабілеті жоғалады, сынғыш, жарылғыш, бөлінгіш болады. Одан басқа
битумның минерал материалдар бөлшектеріне, тасқа, құмға жабысу
қабілеті жоғалады. Мұның бəрі жолдың бұзылуын, іргетастың,
құбыр изоляциялығының бүлінуін тездетеді. Жол құрылысында тез
орта жəне баяу қоюланатын ТҚ, ОҚ жəне БҚ битумдар маркаларын,
құрылыста БН маркасын қолданады. Дайын битумдардың пайдалану
қасиеттерін мынадай көрсеткіштермен сипаттайды: созылғыштық,
ине ену тереңдігі, жұмсару температурасы, когезия, адгезия, т.б. Ине
ену тереңдігі жəне жұмсару температурасы битумның қаттылығын
сипаттайды. Созылымдық оның эластикалық қасиетін көрсетеді.
Когезия битумның беріктігін, адгезия минерал материалдармен күшті
байланысу қабілетін анықтайды. Битумда асфальтендер көп болған
сайын, битум қаттылау болады, шайырлар битумның созылғыштық
қасиетін жəне оның цементтеуші қасиетін жақсартады, майлар
битумды суыққа төзімді етеді. Мұнай битумдарының арзандығы,
əртүрлі материалдармен жабысу беріктігі, еріткіштерге жəне
химикаттарға төзімділігі оларды əртүрлі өнеркəсіпте кең қолдануға
мүмкіндік туғызады. Мысалы, гидротехникада, гидроизоляциялы
материалдар дайындауға су қоймалары жағалауларын бекітуде
жəне т.б. Бірақ 75%-дан жоғарысы жол жөндеуге жəне құрылыста
қолданылады.
Мұнай коксі мұнай шикізаттарын кокстегенде алынады. Кокс
алу үшін мұнай қалдықтары (гудрон, мазут, крекинг-қалдық)
қолданылады. Алыну технологиясына байланысты мұнай коксі 90-
95% көміртектен, 2-5% сутектен, 2-3% оттек жəне азоттан тұрады.
Мұнай коксі – бағалы көміртекті материал. Ол электродты өнім алу
үшін, алюминий балқыту үшін қолданылады. Графиттелген кокс
(2300-3000°С-де күйдірілген) термиялық төзімді, жылу өткізгіштігі
жоғары, коррозияға қарсы тұру қабілеттілігі жоғары. Бұлар химиялық
аппаратуралар дайындау жəне атомды реакторларға қоршау жасау
үшін қолданылады.
104
Достарыңызбен бөлісу: |