Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Мұнайды біріншілік айдау қондырғысы



Pdf көрінісі
бет56/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150
Байланысты:
munai

Мұнайды біріншілік айдау қондырғысы.
Атмосфералы жəне 
вакуумды, құбырлы қондырғылар бір-бірінен бөлек немесе 
бір қондырғыда біріктірілген болады. Атмосфералы-құбырлы 
қондырғылар 
технологиялық сызбанұсқасы
бойынша келесі топтарға 
бөлінеді: 
1) мұнайды бір рет буландыру қондырғысы;
2) екі рет буландыру қондырғысы;
3) жеңіл фракцияларды қайтадан буландыру қондырғысы.
Мұнай аралық парктен немесе ЭТТҚ қондырғысынан шикізат 
насосы арқылы жылу алмастырғышқа, одан құбырлы пеш арқылы 
ректификациялы бағанаға келеді. Эвопарациялық кеңістікте бір 


121
рет булану жүреді. Мұнай булары одан əрі жеңіл фракцияларға 
бөлінеді, сұйықтықтан да ректификация арқылы жеңіл қайнайтын 
фракцияларды бөледі.
Екі рет буландыру қондырғысының сызбанұсқасында жылу алмас-
тырғыштар да қыздырылады. Мұнай бензинсізденген ректификациялы 
бағанаға беріледі. Онда мұнай буландырылады. Мұнай тек 200-220
o

температураға дейін қыздырылатын болғандықтан, түзілетін булар 
мөлшері онша көп емес. Буларда, əсіресе жеңіл бензин фракциялары 
болады. Бензинсіздендіру бағанасының ректификациялы тарел-
каларында бензин ауыр фракциялардан бөлінеді жəне бу түрінде 
бағанадан шығарылады. Бензин бумен бірге су буы да шығады жəне 
бөлінеді. Мұнда мұнай қайтадан буландырылады жəне ауыр бензинді 
бөле отырып, булар ректификациясы жүреді. Керосинді жəне дизельді 
фракция бөлінеді, қалдық мазут болып табылады.
10-сурет. 
Мұнайды бір рет жəне екі рет буландыру 
қондырғысының технологиялық сызбанұсқасы
Қайтадан буландыру сұлбасы аралық орын алады. Мұндай типті 
қон 
дырғыда қайтадан буландырғыш (эвопоратор) жартылай ци-
линдрлі аппаратта мұнай бір рет буландырылады жəне жеңіл фрак-
ция булары бөлінеді. Сұйық бөлгіш арқылы ректификациялы ба ға-
наға беріледі. Мұнда эвопаратордағы жеңіл фракция булары да келіп 
түседі. Бұл сұлбада булану екі рет жүргізіледі жəне ректификация 
бір рет буландырудағы секілді барлық айдалатын фракциямен бірге 
жүргізіледі. Бір рет буландырудың жетістігі – жеңіл жəне ауыр 
фракциялар бірге буландырылады. Бұл ауыр компоненттердің бірша-
ма төмен температурада (300-325°С) терең бөлінуін қамтамасыз ете-
ді. Бір рет буландыру қондырғысы компактілі, құбыр өткізгіштерінің 


122
күші аз кетеді. Басқа қондырғыларға қарағанда отын аз кетеді. Бір рет 
буландырудың кемшілігіне келесілер жатады:
1. Бензин фракциясы көп (16%-дан жоғары), мұнайларды айда-
ғанда жылу алмастырғыштардағы жəне құбырлы пештің ирек 
түтіктеріндегі қысым өседі, нəтижесінде аппаратураларды берік 
жəне металл сыйымдылығы көп етіп өзгертуге, шикізат насосындағы 
қысымды өсіруге тура келеді.
2. Егер де айдалуға суы нашар бөлінген мұнай берілетін болса, бұл 
да пештегі қысымды өсіреді жəне пеш құбырларының фланецті қосы-
лыстарын зақымдайды.
3. Егер айдалатын мұнай жеткіліксіз тұзсыздандырылған болса, 
он да оны жағу кезінде пеш құбырларында минералды тұздар жинала-
ды, нəтижесінде пештің ирек түтіктері өртеніп, апатқа əкеледі.
4. Күкіртті жəне нашар тұзсыздандырылған мұнайды өңдегенде 
негізгі бағананы коррозиядан сақтау керек, ол үшін түсті металдар 
жəне болттар көп шығындалады. Екі рет буландыруда мұнайдан газ, 
су жəне бензиннің біршама бөлігі пешке түспестен бұрын бөлінеді. 
Бұл пештің де, негізгі аппараттың да жұмысын жеңілдетеді. Екі рет 
буландыруда бір рет буландырудағы кемшіліктер жойылған, бірақ 
бір рет буландырудағыдай дистиляттарды терең бөлу үшін мұнай ды 
біршама жоғары температураға дейін қыздыру керек (36-370°С). Бір 
рет буландыру қондырғысында ректификациялы бағананың, насос-
тардың саны екі еселенеді, конденсациялы аппараттардың саны өседі.
5. Мазутты бір рет буландырудың вакуумды блогы кең тараған, 
бірақ эксплуатациялық тəжірибе көрсеткендей, бұл блоктарда сапалы 
май алуға қажетті дəл бөлінген дистилляттар алу мүмкін емес. Мұндай 
дəлдік бөлу үшін вакуумды бағана ректификациялы бағаналардың 
са нын өсіру керек, бірақ бұл кезде вакуум төмендейді, төменгі тə-
рекелердегі температура өседі, дистилляттар сапасы нашарлайды. 
Сондықтан ең сапалы вакуумды дистиллят алатын процесс – екі рет 
буландыру сызбанұсқасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет