Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


-сурет.  ЭТТҚ-АҚ-6 қондырғысының технологиялық сұлбасы ЭТТҚ-АВҚ-6 қондырғысы



Pdf көрінісі
бет58/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150
Байланысты:
munai

11-сурет
ЭТТҚ-АҚ-6 қондырғысының технологиялық сұлбасы
ЭТТҚ-АВҚ-6 қондырғысы.
Бұл қондырғы жұмысы 2 рет 
буландыру принципімен іске асырылады. Бұл жүйе бойынша мұнай (1) 
сораппен 2-5 жылу алмастырғыштардан, электродегидраторларының 
шоғырынан жəне (7) жылу алмастырғыштан өтіп, (8) бензинсіздендіру 
бағанасына түседі. (8) бағананың жоғары жағынан шығатын өнім 
жеңіл бензин фракциясын (9, 10) ауамен жəне сумен суытатын тоңазыт-
қыштарда суытады. Одан кейін (11) рефлекс сыйымдылығына түседі, 
одан бензиннің бір бөлігі (12) сораппен (8) бағанаға бүркіп тұру үшін 
ағын (флегма) есебінде беріледі, ал негізгі балансты мөлшері өзінің 
қысымы мен (13) ыдысына түседі. (8) бағананың астынан шығатын 
өнім – аздап бензинсізденген мұнай (14) сораппен алынып (15), 
құбырлы пешке жіберіледі. 360°С-ге дейін қыздырылған мұнайдың 
екі ағымының біреуі (8) бағанаға қосымша ректификациялауға қа-
жетті жылу беру мақсатында беріледі де, ал екінші ағымы (16) атм. 
бағанасына жіберіледі. (16) бағанада мұнай бірнеше фракцияларға 
бөлінеді. Бағананың астынан температурасын төмендету жəне мазуттан 
мөлдір өнімдері толығырақ мазуттан алу үшін ректификациялауды су 
буының қатысумен жүргізеді. Буды бағананың төменгі бөлігіне береді. 
Мазут (16) бағананың астына (7) жəне (5) жылу алмастырғыштары 
(17) тоңазытқышы арқылы қондырғыдан шығып кетеді. (16) баға-
наның жоғарысынан соңғы қайнау температурасы 180°С бензин фрак-
циясының буы жəне су буы шығады. Булар (18) жəне (19) ауамен 
жəне сумен суытатын конденсатор тоңазытқыштарға түседі. Одан 
конденсацияланып, өнім (20) су бөлгіш сыйымдылыққа түседі. Судан 
бөлінген ауыр бензин (13) сыйымдылыққа түседі. Бензиннің бір бөлігі 


125
(20) сыйымдылықтан (16) бағанаға ағым есебінде қайта береді. (16) 
бағанадан (2) бүйірлі өнім керосин (180-230°С) дизель (230-350°С) 
фрак цияларын алады. Бұл өнімдер əуелі (21), (22) буландырушы баға-
наларға түседі, онда су буының қатысымен жеңіл фракциялар бөлінеді. 
Жеңіл фракциялардан арылған өнім жылу алмастырғыштар жəне 
тоңазытқыштар арқылы қондырғыдан шығарылады, жеңіл фрак циялар 
(16) бағананың жұмысын жақсарту жəне ондағы артық жылуды алу 
мақсатында жоғарысынан жəне төменінен ағын беру көзделген. 
Бастапқы қайнау (б.қ) – 180°С бензин фракциясы (13) сыйым-
дылықтан (24) сораппен (25) жылу алмастырғышқа беріледі, онда 
230-350°С фракция мен 170°С-ге дейін қыздырылады. 
Одан кейін (26) тұрақтандырушы бағанаға беріледі. (26) 
бағананың жоғары өнімі тұрақтандырушы басқы фракция (27) 
конденсатор-тоңазытқышқа беріледі. Одан конденсат (28)-ге түседі. 
(28)-ден жоғары фракцияның бір бөлігі (26)-ға ағын есебінде қайта 
беріледі, ал оның балансты мөлшері қондырғыдан шығарылады. 
(26) бағананың төменгі жағынан өнім – тұрақты. Б.қ.-180°С бензин 
фракциясы бензинді екінші айдау бөліміне түседі. Онда ол қайнау 
температурасы жақын фракцияларға бөлінеді. (26) бағанадағы жылу 
режимін ұстап тұру үшін бензин фракциясының бір бөлігі сораппен 
пештен қыздырылып буға айналып,бу фазасы күйінде (26) беріледі.
ЭТТҚ-АВҚ-6 қондырғыға түсетін мұнай (1) сораппен алынып, екі 
ағыммен шикізаттың жылу алмастырғыштарына өтеді. Мұнайдың бі-
рінші ағымы (16) бағананың қайта айналып берілуші жоғары (2 жылу 
алмастырғышта) жəне төменгі (3 жылу алмастырғышта) ағынымен 
жылу алмасу нəтижесінде қыздырылады. Екінші ағым (4) жəне (5) 
жылу алмастырғыштан өтіп, (30) вакуум бағанасының төменгі жəне 
ортаңғы жағынан шығатын қайта берілуші ағынмен қыздырылады. 
Одан кейін мұнайдың екі ағымы қосылып, электрдегидраторға түседі. 
Электр тогының əсерінен кейін сусызданған жəне тұссызданған мұнай 
екі ағымға бөлініп, жылу алмастырғыштарға түседі, мұнайдың бірінші 
ағымы (6) жəне (7) жылу алмастырғыштарда гудронмен, екіншісі 
(9) жылу алмастырғышта (30) бағананың төменгі қайта берілуші 
ағынмен жəне (10) жылу алмастырғышта гудронмен қыздырылады. 
Одан кейін мұнай (8) бензинсіздендіру бағанасына түседі. (16) 
атмосфералық бағанасында ЭТТҚ-АҚ-дан айырмашылығы бүйірден 


126
(3) фракция: керосин (180-230°С), жеңіл дизель (230-280°С), ауыр 
дизель (280-350°С) алынады. Осы арқылы алынатын дизель отынының 
ассортименті көбейеді. 
Атмосфералық айдаудан қалған қалдық – мазут (31) сораппен (32) 
құбырлы пешке беріледі. Пеште 110°С-ге дейін қыздырылған мазут 
(30) вакуум бағанасына түседі. Бағанадағы қалдық қысымы 6,6 КПа 
құрайды. Бағананың төменгі бөлігінде температураны төмендету 
жəне гудроннан жеңіл компоненттердің булануын жеңілдету үшін 
оның төменгі бөлігіне су буын береді. (30) бағананың жоғары 
жағынан су буы, ыдырау газдары ауа жəне аздап дизель фракциясы 
шығып, (33) конденсаторға түседі. Конденсацияланбаған газдар (34) 
көп сатылы эжекторлармен сорылады. (30) бағанадан (3) түрлі қайта 
айналып берілуші ағынды шығару қарастырылған: жоғары ағын (15) 
тəрелкеден алынып, (35) химиялық жағынан тазартылған су жылу 
алмастырғышында суытылады да, қайта беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет