138
8.5. Эксплуатациялық айдау қондырғыларының негізі
МӨЗ технологиялық қондырғыларының жұмысын əр уақытта
при
борлар көмегімен бақылап отыруды, тікелей аппараттардың,
құрал-жабдықтардың, байланыс желілерінің жағдайын байқауды,
шикізаттың жəне алынған өнімнің сапасына
зертханалық талдауларды
өндіріс қызметкерлері жүргізеді.
Алғашқы айдау қондырғысы аппараттағы жəне құбырлар желісін-
дегі шығынды, температураны, қысымды жəне өнім деңгейін өлшеу
мен автоматты реттеу үшін көптеген приборлармен жабдықталады.
Қазір гі жаңа АВҚ қондырғыларында автоматты бақылау жəне реттеу-
дің 2000-нан аса приборлары бар.
Алғашқы айдау қондырғысының
қалыпты жұмыс жүйесі көп жағдайда технологиялық режиміне бай-
ланысты. Құбырлы пештердің жұмысын реттеу жүйесі суретте көр-
сетілген. Құбырлы пештердің негізгі реттелетін параметрлері қыз-
дырылатын өнімнің пештен шығатын жердегі температурасы. Бұл
температура тұрақты болуы тиіс.
Ректификациялау бағанасының жұмысын реттеудің мақсаты ап-
параттардың мүмкін болғанша экономикалық
тиімді істеуінен қос-
паны таза бөлуді қамтамасыз ету. Ректификациялау бағаналары
əр
түрлі жағдайларда пайдаланылатындықтан, оларды реттеудің
жүйелері де əртүрлі, жағдайлары да əртүрлі. Бағаналарда көп ком по-
нент қоспасын бөлуде шығынмен берілетін
зат құрамы баға наның жо-
ғары жəне төменгі жағындағы қалдық деңгейі механикалық немесе
автоматикалық жолмен реттеледі.
Бағананың жоғарғы жағынан температурасын берілген дең-
гейде ағын шығынын өзгертумен ұстайды. Төменгі жағынан тем-
пературасының қайнатқышқа берілетін жылу алмастырғыш мөл шері
өзгертумен немесе
құбырлы пешке отын беріп, ыстық ағын жасаумен
реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: