Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Мұнайды өңдеудегі коррозия себептері



Pdf көрінісі
бет67/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   150
Байланысты:
munai

8.6. Мұнайды өңдеудегі коррозия себептері. 
Коррозиямен күресу жолдары
Мұнай өңдеуде металдан жасалған аппараттардың, құрал-жаб-
дық 
тардың жəне құбырлардың металдарының коррозия əсерімен 
бұзылуы байқалады.
Күшті коррозия АВҚ жəне АҚ мұнайды алғашқы айдау қон дыр-
ғыларында байқалады. Алғашқы айдау қондырғыларында коррозияны 
болдыратындар:
1. Өңдеуге түсуші мұнайларда болатын минералды тұздарды, не-
гізінен хлоридтер құрайды; мұнайды қыздырғанда тұздар ыдырайды 
жəне хлорлы сутек түзіледі. Ол сумен əрекеттесіп, тұз қышқылын 
түзеді: бұл қышқыл жоғары коррозиялық белсенділік көрсетеді.
2. Қазіргі кезде өңдеуге түсетін мұнайларда болатын күкіртті қо-
сылыстар: мұнайларды өңдеуде көп мөлшерде коррозиялық активті 
заттар күкіртті сутегі жəне меркаптандар бөлінеді.
3. Мұнай қышқылдары, олардың кейбір майлардағы мөлшері 
2,0% дейін жетеді;
4. Хлорорганикалық қосылыстар майларда болады жəне алғашқы 
айдау қондырғыларының пештерінде қыздырғанда хлорлы сутегін 
түзіп ыдырайды.
Агрессивті компоненттердің бірнешеуі бірдей болған жағдайда 
коррозия процестері үдей түседі. Мысалы, хлорлы сутегімен күкірт-
тісутек бірге əсер еткен жағдайда көміртегі болаттың кор розиялық 
бүлінуі 3-4 есе артады жəне 15-50 мм/ жылына дейін жетуі мүмкін.


143
Коррозия процесі өте күшті конденсатор-тоңазытқыштарда, рек-
тификациялы бағаналардың жоғары жағында, пеш құбырларында, 
ыстық қалдықтар (мазут жəне гудрон) жүретін құбырларда жүреді. 
Конденсатор-тоңазытқыштарда жəне ректификациялау бағанала-
рын да коррозияның күшті жүру есебінде рефлюкс сыйымдылығы-
нан шы 
ғатын судағы темір ионының мөлшері мен осы судың рН 
бо лып саналады. Сонымен қабат күшті коррозияға конденсатор-то -
ңазытқыштың ағынды суымен суытылатын түтіктері де түседі.
Коррозиямен күресу жолдары.
Коррозиямен тиімді күресу үшін 
мұнайды алғашқы айдау қондырғыларында мынадай шаралар 
қолданылады: құрал-жабдықтар коррозияға төзімді металдардан 
дайын далады; мұнайды айдауға беру алдында терең тұзсыздандыру 
жəне сусыздандырудан өткізіледі; бейтараптаушы заттар мен кор-
розия ингибиторларын қосады. Құрал-жабдықтардың жұмыс істеу 
уақытын ұзарту үшін оның ең қауіпті жерлерінде коррозияға тұрақты 
материалдар – Х5М ОХ13 қоспалы болаттар, латунь, никель мен 
мыс қоспасын, монел-металл деп аталатын қоспа қолданылады. 
Кей 
бір аппараттарды 2 қабатты төсемеден дайындайды: зиянды 
қосылыстардың əсеріне көп ұшырайтын ішкі бетін қоспа металдардан, 
сыртқы бетін көміртегі болаттардан жасайды. 
Бейтараптаушы заттар ретінде сода-сілті ерітіндісі, аммиакты 
жəне аммиак суын қолданады. Сода-сілті ерітіндісін, тұзсызданған 
мұнайға термиялық жағынан тұрақсыз кальций магний хлоридтерін 
байланыстыру үшін органикалық қышқылдарды жəне хлорлы сутегін 
бейтараптауға береді. 
Аммиак немесе аммиак суы бағананың соңғы желісіне (бағананың 
жоғары жағынан конденсатор-тоңазытқышқа дейінгі құбыр бойы) 
ағын судың рН-ын 8-9 деңгейінде ұстап тұру үшін береді. Бей-
тарап 
таушы заттарды беру коррозияны 70-80%-ға дейін кемітеді. 
Коррозияны тиімді төмендетуге арнайы заттарды коррозия ингиби-
торларын қолданады, əдетте органикалық қосылыстар, олар металл 
бетінде жақсы қорғау қабатын түзеді. Біздің елде ИКБ типтес тиімді 
коррозия ингибиторлармен бірге əсер етеді жəне коррозия жыл-
дамдығын 1мм/жыл жəне одан да төменге жеткізуге болады. ИКБ-4 
ингибиторы сумен қамтамасыз ететін жүйеде коррозияны болдырмау 
үшін ғана емес, сонымен қатар суды ластайтын қалдықтардан жəне 
биологиялық түзілімдерден тазалауға да жəрдемдеседі.


144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет