Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет70/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   150
Байланысты:
munai

 
 
 
 
 
1-сызбанұсқа.
Тəрелкелі жанасу жабдықтарының бөлінуі
Тоғысқан ағынды
да, 
тоғысқан қарама-қарсы ағынды
да тағы 2 
түрге бөледі: фаза жанасуы реттелмейтін жəне реттелетін тоғысумен. 
Соңғы (əсіресе, балласты түрі) тəрелкенің реттелмейтін тəрелкемен 
салыстырғанда, фаза жанасуы (қалпақты, 8-тəрізді, торлы, құйылушы 
жəне басқа түрлері) тиімді жұмыс істеу қабілеті алшақ аралықта орын 
алады жəне олар соңғы жылдары көбірек қолдануда жəне өсуде.
Вакуум жəне аз қысымда жүретін бөлу процестерінде қақпақты 
тəрелкелердің тікбұрышты түрлерінің қолданылуы басым, бұлардың 
жалпы қақпақтары жылжымалы болады. Жылжымалы болуы, бу 
жағынан өте аз күш түскен жағдайда барлық қакпақтардың біркелкі 
ашылуын қамтамасыз етеді жəне үлкен күш түскенде фазаларды 
тоғысқан ағындыдан тура ағындыға ауысуына жағдай жасайды. 


148
Осының нəтижесінде қақпақты тəрелкелі қақпақсызға қарағанда, 
барлық күш түсетін шекте, 15-20%-дан жоғары тиімділік көрсетеді 
жəне олардың 10-15%-ға гидравликалық қысымы аз. Тік бұрышты 
қақпақтарды, шеңбер тəріздінің орнына қолданғаннан, оларды 
дайындағанда металл шығынын 30%-ға кемітуге мүмкіндік береді, 
ал қақпақтар үлкен болғандықтан (тік бұрышты қақпақ сегіз шеңбер 
тəріздіге тұрады), тəрелкелерді жинау еңбегін 25%-ға кемітеді.
Соңғы жылдары əртүрлі геометриялық пішінді (шеңбер тəрізді, 
тік бұрышты пластинка тəрізді жəне басқа) қақпақты тəрелкелердің 
көптеген түрлері жасалды, олар – балластпен немесе балластсыз, 
айырушы элементтерімен немесе оларсыз жəне т.б. Көп МӨЗ өн-
дірістік-тəжірибе сынағы, қақпақты тəрелкелердің фаза жанасуын 
реттелмейтін, тоғысқан ағынды тəрелкелерге қарағанда жоғары 
тиімділік көрсетті. Қақпақты тəрелкелердің жаңа түрінің ішінде, 
пластинка тəрізді тоғысқан қарама-қарсы шеңбер тəрізді эжекциялы 
тəрелкелер жаңа УФА МӨЗ пайдалануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет