Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет78/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   150
Байланысты:
munai

2-сызбанұсқа. 
Хроматографиялық анализ.
а – фронталдық, б – эллипстік; в – ығыстырушылық.
Фронталдық анализде АБқұрамдасының қоспасын сорбентпен 
үздіксіз хроматографиялық бағана арқылы əлсіз жұтылған Б 
құрамдасы шыққанға дейін өткізеді. Одан əрі бағанадан құрамдастар 
қоспасы шыға бастайды. Əдіс онша көп қолданылмайды, себебі 
құрамдастарды толық бөлуге мүмкіндік бермейді, тек қана таза 
күйінде əлсіз адсорбцияланатын құрамдас бөлінеді. 
Айқындаулық (эллипстік) анализде бағанада АБ қоспасының 
белгілі мөлшері жəне қоспа құрамдастарынан əлсіз сорбцияланатын 
айқындауыш (еріткіш немесе газ тасымалдауыш) В құйылады. Б 
құрамдасы мен А құрамдасы араласып, зоналарға бөлінеді. Аталмыш 
түрі көп қолданылады, себебі жүргізу жағдайын дұрыс таңдай ала 
білгенде, құрамдастарды толық бөлуге болады. 
Ығыстырушылық анализде бағанаға АБ құрамдастарының 
қос 
пасын, оның үстіне алдыңғы құрамдастардан күштірек сорб-
цияланатын ығыстырушы Д құрамдасын қосады. Бұл əдісте А жəне 
Б құрамдастарының кейбір таза мөлшерін бөліп алуға болады, бірақ 
оларды толық бөліп алу мүмкін емес. 
Газды-сұйық хроматография.
Хроматографияның бұл əдісін 
алғаш рет (1952 ж.) Р.Джеймс пен С.Мартиндер ашқан. Бұл əдіс, 
қазіргі мұнай-химия жəне мұнайды қайта өңдеу процестерінде 
хроматографияның басқа түрлерімен салыстырғанда, кеңінен 
қолданылуда. Тиімділігі: 


162
- ол он жəне жүздеген құрамдастардан тұратын мұнай фрак-
цияларын жарты, əрі кеткенде бір сағат көлемінде анализдеп шығуға 
мүмкіндік туғызады;
- жоғары сезгіштік əдіс концентрациясы 1-10% микроқалдықты 
анықтайды;
- анализге аз мөлшерде сынама алынады (миллиграмның оннан бір 
бөлігі); 
- анализ дəлдігі (=5%), өте дəлдігі жоғары жаңа типтегі 
хроматографтарда бұл шама 2% мөлшеріндей;
- аппараттың қарапайымдылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет