156
моль; m – адсорбенттің массасы, г); С – адсорбциялық теңдік
орнағаннан кейінгі концентрация, моль/л; К жəне n – константалар,
n<1. К жəне n мəндерін табу үшін (4) теңдеуді логарифмдейді:
lgх/m=lgК+ nlgC (5)
Ордината осі бойымен lgх/m мəндерін, ал абсцисса осі бойымен
lgC мəндерін алсақ, түзу сызық алынады (18-сурет). ОА кесіндісі
lgК шамасына тең, ал түзу сызықтың абсцисса осімен қиылысу
бұрышының тангенсі n шамасын береді (tgα=n).
Френдлих теңдеуі нашар немесе мүлдем диссоциацияланбайтын
тұтас молекула күйінде адсорбцияланатын заттар үшін қолданылыды.
Заттардың адсорбциялануы еріген заттың табиғатына жəне адсорбент
бетінің құрылысы мен табиғатына байланысты.
3. Сұйық-газ жанасу шегінде өтетін адсорбция. Газдар немесе
ерітіндідегі еріп жүрген заттар қатты денелердің бетінде ғана
адсорбцияланбайды, сонымен қатар олар сұйық бетінде немесе
көлемінде жинақталып концентрленеді. Заттардың сұйық бетінде
адсорбциялануы берілген сұйықтың беттік керілуіне (σ) байланысты.
Əрбір сұйықтық үшін өзіндік беттік керілу шамасы тəн. Таза еріт-
кіштің беттік керілуі ерітіндінің беттік керілуінен өзгеше болады.
Достарыңызбен бөлісу: