Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет76/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   150
Байланысты:
munai

Абсорбция.
Дененің барлық көлемінде жүретін сіңіру процесін 
– абсорбция деп атайды. Абсорбция əдісі газдарды бір-бірінен 
бөлгенде қолданылады. Мысалы, мұнайдың бензиндік фракциясын 
ілеспе жəне табиғи газдардан айырғанда диоксан, бензол еріткіштері 
қолданылады. Процесті қоршаған орта температурасында не болмаса 
салқындатқыш реагенттерді (-40°C) қолданып жүзеге асырады. 
Сол сияқты абсорбцияны селективті еріткіштер арқылы ацетиленді 
метанның тотықтырғышты пиролиз өнімдерінен бөлу үшін де 
қолданады. Осы мақсатта селективті еріткіш ретінде аммиак, метил 
спирті жəне ацетиленді қолданған тиімді.
Кристалдану.
Кристалдану əдісі – қоспадан балқу температура-
лары жоғары белгілі бір компоненттерді бөліп алуда қолданылады. 
Бұл əдіс өндірісте майларды депарафиндеу процесінде, сонымен қа-
тар қоспадан п-ксилолды оның басқа да изомерлерінен, этилбензол-
дан бөліп алу үшін қолданылады. Процесті 60-70°C температура ара-
лығында жүргізіп, тұнбаға түскен п-ксилолды сүзіп алады.
Төрт метилді орынбасары бар бензолды – дуролды (1,2, 4, 5- 
тетраметилбензол) көміртегінің саны 10-ға тең (С
10
) алкил-бен-
золдардан осы əдістің көмегімен бөліп алады. 
Өндірісте мұнай фракцияларын бөлу мен анализдеу процесінде,
қарапайым кристалдану процесінен басқа, экстрактивті кристалдану 
əдісі де кең қолданылады. Мұндай процестерде еріткіштер қол-
данылады, яғни қоспадан қажетті құрамдастарды ерітіп алып, ары 
қарай оны қатты салқындату арқылы тұнбаға түсіріп, бөліп алады. 
Еріткіштердің құрамында бөлінетін заттар кетіп қалмауы үшін про-
цесті бірнеше рет қайталайды. Экстрактивті əдіспен қатар аддуктивті 
кристалдану əдістері де қолданылады. Бұл əдісте қосылатын реагент 
– қоспа құрамдастары мен қатты кешендерді, яғни аддукттерді 


159
түзеді. Мысалы, карбамидті депарафиндеу процесін алуға болады. Ол 
процесс карбамидтің қалыпты алкандармен қатты кешендер түзуіне 
негізделген. Жалпы кристалдану əдісі мұнай құрамындағы жоғары 
температурада қайнайтын парафиндерді, церезиндерді, нафталинді, 
т.б. көмірсутектерді бөлуде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет