Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет84/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   150
Байланысты:
munai

Платформинг жəне гидроформинг. 
Риформинг екі түрге бөлінеді 

платформинг
жəне 
гидроформинг
. Платформинг процесі фтор-
ланған алюминий оксидіне енгізілген платина катализаторының 
қатысуымен жүреді, платина – гомогенді реакциялардағы 
электрондардың ауысуын жылдамдатады, ал фторланған алюминий 
оксидіндегі қышқыл орталығы қышқылдық-негіздік əрекеттесу 
жылдамдығын арттырады. Процесс қозғалмайтын катализатор 
қабатында 480-510°С жəне құрамында сутек араласқан газдар 2-4 
МПа қысымда жүреді. Осы жағдайдағы процестің негізгі өнімдері: 


171
бензол, толуол жəне ксилол. 5 МПа қысымда өндірілген бензиннің 
октан саны – 98, этил сұйығы қо-сылса – 100 немесе одан да үлкен 
болады.
Платформинг бензині тұрақты, себебі бензиннің құрамындағы оле-
финдер жəне күкіртті қосылыстар гидрленеді. Катализдік риформинг 
процестерінің нəтижесінде сұйық өніммен қатар құрамында: сутек, 
метан, этан, пропан, бутан араласқан газ да бөлінеді. Бұл көмірсутектер 
органикалық жəне бейорганикалық синтездерде қолданылады 
(ароматты, метанолды жəне т.б. қосылыстарды синтездеуге). Ката-
лиздік риформингте газ шығымы – 5-15%. 
Гидроформинг алюминий-молибден катализаторының жалған 
сұйылған қабатында 1,7-1,9 МПа қысымда, сутек араласқан газдардың 
тигізетін əсерімен жүретін технологиялық процесс. Процесс 
нəтижесінде түзілген сұйық өнім ректификацияланады.
9.2. Өңдеудің термиялық процестері.
Термиялық процестер мəні
Жоғары температурада мұнайдағы органикалық қосылыстар 
химиялық түрін өзгертеді, айырылады жəне өзара əртүрлі екіншілік 
реакцияға түседі. Осы арқылы мұнайды өңдеудің термиялық процесі 
құрылады. Одан қосымша көмірсутек газдарын жəне мұнай коксін
т.б. мұнайда болмаған жаңа заттарды алуға болады.
Мұнай шикізатын өңдеудің термиялық процестері жағдайларға 
байланысты крекинг, кокстеу, пиролиз деген атқа ие болады.
Термиялық крекинг процесі өндірісте тек ХХ ғасырда автокөліктің 
транспорттың көбеюіне, бензинге сұраныс өсуіне байланысты өсті. 
Термиялық крекинг арқылы бағасы төмен ауыр фракциялардан 
қосымша бензин алына бастады жəне бұл бензиндердің тікелей айдау 
бензиндерінен октан саны көп болады.
Бастапқы шикізат ретінде керосин, атмосфералы жəне ва-
куумды газойльдер, бастапқы қайнау температурасы төмен мазут 
та қолданылады. Соңғы кезде тек мазут пен гудрон (қалыпты тем-
пературасы əртүрлі) шикізат ретінде қолданыла бастады. Біздің 
елі мізде термиялық крекинг қондырғысының сирек құрылуына бай-
ланысты, қазіргі кезде висбрекинг процесі қолданылады.


172
Висбкрекинг (немесе жайлап крекингілеу) дегеніміз – ауыр 
қалдықтар гудрон жəне жартылай гудроннан бастапқы шикізатқа 
қарағанда тұтқырлығы жəне суу температурасы төмен қазандық 
отындарын алуға арналған термиялық крекинг процесінің бір 
формасы.
Висбкрекинг қысымы 20 атм. көп емес жəне температурасы 400-
4800С. Висбкрекингте жеңіл фракциялар шығыны төмен. Кокстеу 
қондырғысына мұнайдың ауыр қалдықтарын қолданып кокс алады
одан электродтар жəне анодтар массалары дайындалады. Шикізат 
ретінде кокс алу үшін крекинг қалдықтары, гудрон қолданылады.
Висбкрекинг (немесе жайлап крекингілеу) дегеніміз – ауыр 
қалдықтар гудрон жəне жартылай гудроннан бастапқы шикізатқа 
қарағанда тұтқырлығы жəне суу температурасы төмен қазандық 
отындарын алуға арналған термиялық крекинг процесінің бір 
формасы.
Висбкрекинг қысымы 20 атм. көп емес жəне температурасы 400-
480°С. Висбкрекингте жеңіл фракциялар шығыны төмен. Кокстеу 
қондырғысына мұнайдың ауыр қалдықтарын қолданып кокс алады, 
одан электродтар жəне анодтар массалары дайындалады. Шикізат 
ретінде кокс алу үшін крекинг қалдықтары, гудрон қолданылады.
Кокстеу дистиляттарының сапасы жоғары емес, оларда қанықпаған 
көмірсутектер көп болады. Мұнай коксіне сұраныс көп, сондықтан 
кокстеу қондырғылары көп салынып жатыр.
Қазіргі кезде кокстеудің екі əдісі жанбайтын камера (жайлап 
кокстеу) жəне кокс жылу тасымалдағышының қайнау қабаты 
қолданылады. Бірақ кейбір сорттары бұрынғыша кубты əдіспен 
жүреді. 1 атм. қысымда 470-540°С температурадан төмен жүреді.
Пиролиз процесі 750-900°С температурада, атмосфералық қы-
сымға жақын жүргізіледі. Ең бірінші пиролизбен керосин мен газдар, 
кейіннен шайыр, ароматты көмірсутектер бензол жəне толуол алуға 
пайдаланды.
Қазіргі кезде пиролиз қанықпаған көмірсутектері көп газдар, 
этилен жəне пропилен алу үшін қолданылады. Пиролизге 
қаныққан көмірсутектер, газды жəне бензин фракциялары түседі. 
Метан пиролизін 1200°С-де жүргізеді жəне ацетилен алу үшін 
пайдаланады.


173
Мұнай өңдеудің ауыр қалдықтарын термиялық крекингілеу ав-
токөлік бензинінің компонентін алу, күйе өндірісінің жəне жағатын 
мазуттың тұтқырлығын азайтатын шикізат жоғары ароматтанды-
рылған газойльды алу мақсатымен жүргізіледі.
Негізгі мақсатты өнім бензин болатын мазут пен жартылай гуд-
ронды термиялық крекингілеу сызбанұсқасы төменде көрсетіл 
ген. 
Процесті жүргізудің негізгі технологиялық қиыншылықтары пеш құ-
бырларында кокстің шөгуіне байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет