Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет85/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   150
Байланысты:
munai

3-сызбанұсқа.
Термиялық крекинг процесі
200-350°С фракциясы газ фазасында крекингке ұшырайды, реак-
циялық құбырларда сұйық фаза болмайды, өйткені бұл фракцияның 
температурасы кризистік температурадан жоғары болады. Сондықтан 
жеңіл шикізат (егер шикізатқа ауыр қалдық фракциялар енбесе) 
пештерінің құбырларында тек пирокөміртек бөлінеді, кокстің түзілуі 
болмайды (практикада мұндай пирокөміртек те кокс деп аталады).
Ауыр шикізат пештерінің реакциялық құбырларында газ жəне 
сұйық фазалар бар. Реакциялық құбырдың көп бөлігінде қысым газ 
фазасында болатын өнімдердің кризистік қысымынан бірнеше есе 
жоғары болады: пешке кірерде 5-5,5 МПа, ал пештен шығарда 2,2-2,8 


174
МПа болады. Сондықтан газ фазасында ең жеңіл фракциялар ериді 
де, ол асфальтендерге қатысты сұйық фазаның еріткіш қабілетін 
арттырады. Асфальтендердің сұйықтағы концентрациясы крекингтің 
терең жүруімен жəне газ фаза: сұйық фаза арақатынасының өсуімен 
артады. Ауыр шикізаттың фракциялық құрамының жеңілденуі (жеңіл 
крекинг пеші деп аталатын пеште) жəне крекингтің тереңдеуі (мыса-
лы, шикізат бойынша пештің өнімділігінің азаюының нəтижесінде, 
оған сəйкес крекинг ұзақтығы артады) нəтижесінде сұйық фазадағы 
асфальтендердің концентрациясы табалдырықтық концентрацияға 
дейін артуы мүмкін, бұл жағдайда пештің құбырлары өте жылдам
кокстенеді. 
Шикізаттың ауырлауына байланысты жеңіл фракциялардың 
түзілуі қиындайды, реакциялық зонада сұйық фазаның мөлшері 
артады жəне крекингтің тереңдігі көп болғанда ғана асфальтендердің 
концентрациясы р табалдырықтық концентрацияға жетуі мүмкін. 
Термиялық крекинг қондырғысы қалыпты жұмыс жұмыс істеуі үшін 
ауыр шикізат пешіндегі крекингтің тереңдігі, асфальтендердің сұйық 
фазада табалдырықтық концентрацияға жететін жағдайдағыдан 
төмен болуы керек. Бұл кезде іс жүзінде кокс түзілмейді, ал пеш 
құ 
бырларының қабырғалары жайлап газ фазасынанда түзілетін 
пирокөміртек қабатымен қапталады.
Бензинге крекингілеу кезіндегі қыздырылмайтын реакциялық 
камераның рөлі – ауыр шикізат пешінің өнімдері қосымша жеңіл 
шикізат пешінің өнімдерінің жылуының əсерінен (реакциялық 
камераның жоғары жағының температурасы ≈ 500°С, ал төменгі 
жағының температурасы 460-470°С) крекингіленеді. Реакциялық 
камерада сұйық фазада болатын асфальтендердің концентрациясын 
табалдырықтық концентрацияға жеткізбей-ақ, крекингті тереңдетуге 
мүмкіншілік береді; крекинг нəтижесінде реакциялық камерадан 
бензиннің жиынтық шығымының 20-30% түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет