Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар


Мұнай жəне мұнай өнімдерін хроматографиялық тəсілмен



Pdf көрінісі
бет77/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   150
Байланысты:
munai

Мұнай жəне мұнай өнімдерін хроматографиялық тəсілмен 
бөлу əдістері.
Қазіргі заман талабына сай, химиялық, оның ішінде 
əмбебап, зертханада, əрі өндірісте кең қолданылатын əдістердің бірі 
– хроматография əдістері. Заттарды таңдамалы сорбциялау, бөлу 
процестерінде хроматографиялық əдісті қолдану идеясын алғаш 
айтқан орыс ғалымдарының бірі, ботаник М.С.Цвет (1903 ж.) болатын. 
Оның қойған тəжірибесі қарапайым, хлорофилді жапырақтардың 
көк пигменттері бар ерітіндіні адсорбентпен толтырылған бағанадан 
өткізгенде, қоспаның бағананың өн бойына жеке зоналарға бөлініп 
орналасатындығын байқаған. Бірақ М.С.Цвет əдісін тек қана боялған 
заттар емес, түссіз заттарға да қолдануға болады деген жалған ұғым 
да болды. 
Хроматография əдісі құрамдасты екі фаза аралығында бөлуге 
негізделген. Біреуі – қозғалмайтын қабат сорбенттен тұрса, екінші 
фазасы – «қозғалмалы» қабаттан тұрады, қозғалмайтын қабаттан 
фильтрленетін ағын өтеді. Бұл əдістің өзіне тəн айырмашылығы – 
сорбция жəне десорбция процестері бірнеше рет қайталанады. 
Бөлу табиғатына қарай бұл əдіс – адсорбциялық, таралымдық жəне 
тұнбалық хроматография деп бөлінеді.
18-кесте 
Қозғалмайтын жəне қозғалатын фазалардың 
агрегаттық күйіне байланысты хроматографикалық 
əдістердің классификациясы
Қозғалмайтын 
фаза
Қозғалатын
фаза
Аталуы жəне 
қабылданған 
белгіленуі
Хроматография 
нұсқалары
Сұйық
(еріткіш)
Газдық
(тасымалдаушы 
газ)
Таралымдық 
газ – cұйықтық
(ГСХ)
Бағаналық 
капиллярлы, 
бағдарланған, 
температуралы


160
Сұйық
(еріткіш)
Сұйықтық
Таралымдық 
сұйықтық (СХ)
Бағаналық, 
қағаздық
Қатты 
(адсорбент)
Газдық
(тасымалдаушы 
газ)
Адсорбциялық 
газдық (ГАХ)
Бағаналық, 
бағдарланған, 
температуралы
Қатты 
(адсорбент)
Сұйықтық
Адсорбциялық 
сұйықтық 
(САХ)
Ионалмастыр-
ғыштық, 
бағаналық, жұқа 
қабаттылық, 
граиентті-
элюиенттік
Адсорбциялық хроматографияға қатты адсорбент бетінде бөлі-
нетін заттардың əртүрлі адсорбциялануы негіз болады. 
Таралымдық хроматография бөлінетін қосылыстардың сұйық-
пен жұтылуы, ерігіштіктерінің айырмашылығы, таралу коэффи-
циенттерінің фазааралық ортадағы мəндеріне байланысты.
Тұнбалық хроматографияға белгілі бір қосылыспен бөлінетін 
заттың тұнба түзуі негіз болады. 
Фазалардың агрегаттық күйіне байланысты бөлінуі хрома-
тографиялық əдістің басты белгісі жəне кең тараған түрі, олар: 
- бағаналық хроматография (құрамдастарды бөлу насадкалық 
(қондырмалық) типтегі бағаналарда);
- капиллярлық хроматография (қозғалмайтын фазалармен толты-
рылған капиллярларда);
- қағаздық хроматография (сүзгі қағаздарында); 
- жұқа қабаттық хроматография (шыны пластинкаға отырғызыл-
ған сорбенттің жұқа қабатында) орындалуы мүмкін. 
Қоспаны бөлу тұрақты температура мен қысымда немесе қажетті 
температурада жəне қысымда жүргізіледі. Хроматографияның бар-
лық түрлері молекулалы, тек сұйықты-, адсорбциялық-хромато гра-
фия ғана ионалмастырғышты болады. 
Анализдің орындалуына сəйкес хроматографияны үш түрге бөліп 
қарастырады: 
фронталдық, эллипстік жəне ығыстырушылық.


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет