«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
29
отыратын бекеттер аштық. Іске қосылғанына көп болмаса да, төңірегінде
тұратын азаматтар тек алғыстарын білдіруде. Шарында біздің ұсынысымызбен
ұлттық саябақ құрылды. «Медеудің» маңынан «Жас жұбайлар» паркін де
аштық. Балқаш атом стансасынан шығатын
қалдықтың адам денсаулығына
тигізер зиянын дəлелдеп, өнеркəсіп жұмысын біржолата тоқтаттық.
-
Еліміздің экологиясын жақсарту үшін не істеу керек?
- Біріншіден, Заң жағы реттелу керек. Ең бастысы, қаражат, ынта, тəрбие
болса, біраз мəселе шешіледі. «Бір тал кессең, он тал ек» демекші, көктем
мезгілінде ағаш егуді əдетке айналдыру керек. «Адамзаттың табиғатсыз күні
жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғатты қорғау - əрбір
азаматтың парызы екенін үнемі естен шығармауымыз тиіс. (168 сөз)
Елдос Өмірзақұлы
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі
Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн. шаршы км)
Франциядан бес есе
артық. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды. «Адам баласының
алдында бүгінде үлкен екі мəселе тұр: бейбітшілікті жəне табиғатты қорғау -
екеуі де болашақ өмір сүрудің шарты,» - деп белгілі жазушы Л.Леонов
айтқандай,
Қазақстандағы
қалыптасқан
экологиялық
жағдайды
қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы экологиялық аймақтар: А
аймағы – Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу
салаларына маманданған
облыстар кіреді. Бұл аймақтағы өзекті мəселе – табиғи ортаның мұнаймен
ластануы.Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы
уылдырықтың 95%-ын береді де, оның табысы 10 млн.долларды құрайды.
Бекірені
шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймен ластануы оның
санын кемітуде. Сондықтан биокөптүрлілікті сақтау мəселесіне көңіл
аударылуы керек. В аймағына Қазақстан Республикасының өнеркəсібі жоғары
дамыған шығыс облыстары жатады. Онда ірі түсті жəне
қара металлургия,
энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мəселелер – қоршаған
ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған
(қалалық)
территориядағы
атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деградациясы
(біртіндеп нашарлап тозуы),
ерекше қорғауға алынған территориялардың
жеткіліксіздігі. Экологиялық мəселелердің халықтың əлеуметтік-экономикалық
жағдайы мен денсаулығына əсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан
келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн.
долларды
құрайды. С аймағына оңтүстік аймақтар жатады. Оңтүстік аудандардағы негізгі
экономикалық мəселелер – су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің
шайынды сулармен ластануы,
жайылымдардың деградациясы, табиғи жəне
мəдени ескерткіштердің бұзылуы. Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық
мəселе - Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен, сарапшылардың
мəліметтері бойынша, 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Қазір су
ресурстарына деген қажеттілік 50 % ғана орындалып отыр. (245 сөз)