6
ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗДЕРІ
Д. Локк – ағылшын педагогы және
философы, эмпиризм мен либерализмнің
көрнекті өкілі. Локктың хаттары
Вольтерге және Руссоға, шотландық
ағарту ойшылдарына және көптеген
америкалық революционерлердің ойлары-
на ықпалын тигізді. Оның тигізген ықпа-
лы Американың тәуелсіздік Декларация-
сында да көрініс тапты. Ол Оксфорд
университетінде оқып, бакалавр, сонан
соң магистр дәрежесін алады. 1690 жыл-
дары «Адамзат ақыл-ойы туралы тәжі-
рибе», «Басқару туралы екі трактат»,
«Тәрбие туралы ойлар», «Христиандықтың пайымдылығы»
атты еңбектерді жазады.
Танымның эмпирикалық-сенсуалистік теориясының негізін
қалаушылардың бірі болды. Локк адамға идея тумысынан беріл-
мейді деді. Ол «таза тақтай» сияқты, қоршаған ортаны сезімдері,
ішкі тәжірибесі – рефлексия арқылы қабылдауға дайын болып
дүниеге келеді деді. Жігіттің жампозын тәрбиелеудің прагматизм
мен рационализмге құрылған жүйесін жасады. Утилитаризмнің
басты ерекшелігі – әрбір пән баланы өмірге тәрбиелеуі тиіс.
Жігіттің жампозын тәрбиелеу дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі,
адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі, діни тәрбие негіздеріне
құрылуы тиіс деді. Негізгі дидактикалық ұстаным – оқытуға
баланың қызығушылығын, танымға құмарлығын тірек ету. Басты
тәрбиелеу құралы мысал және орта дегенді айтты. Ал оқытудың
мазмұны: оқу, жазу, сурет салу, география, этика, тарих,
натурфилософия, хронология, бухгалтерия, ана тілі, француз тілі,
латын тілі, арифметика, геометрия, астрономия, қылыштасу,
атқа отыру, би. Джон Локктың философиялық, әлеуметтік-саяси,
педагогикалық идеялары педагогикалық ғылымның қалыптасуында
толық дәуірді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |