Оқыту техникалық құралдарының теориялык негiздерi


Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата05.06.2023
өлшемі1,87 Mb.
#178280
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Техникалық оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтаудағы дидактикалық прринциптерінің маңызы (1)

Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және 
т.б.).
Бұлардың барлығы да білім берудің жазықтықтық сипаттағы 
материалдық құралдары болып саналады. Олар зерттелетін объектілер және 
құбылыстар жайында, дәлірек айтқанда олардың құрылымы, өзіндік 
қасиеттері, белгілі бір ұғымдарды, дағдыларды, тәжірибені калыптастыруға 
қажетті түрлі операциялар мен іс-әрекеттерді орындау кезіндегі қолданатын 
әдістері мен тәсілдері жайындағы толып жатқан ғылыми мәліметтерді нақты 
көрнекілік тұрғыдан бере алады. 


71 
Оқу кестелеріне қалыптасқан дәстүр бойынша оқу барысында 
көрсетілетін құралдарды жатқызамыз, алайда соңғы уақытта үлестірілетін 
материалдар түріндегі кестелер сериялары (әсіресе, анықгамалық 
мазмұндағы) кеңінен қолданыс таба бастаған сияқты. 
Қажетті хабарларды беруге байланысты кестелерді бірнеше түрге 
бөледі: түрлі табиғи объектілер мен құбылыстарды бейнелейтін (суреттер, 
фотосуреттер) және олардың өзара ұйлесімділігін бейнелейтін (плакаттар) 
объектілік-композициялық;
графикалық 
(чертеждар, 
графикалар, 
диаграммалар, схемалар және т.б.); белгілер, формулалар, әріптер, жасанды
және табиғи тілдердің сөздері арқылы берілетін белгілік (рәміздік). 
Іріктелуіне қарай кестелерді жекелеген және сериялық деп екіге бөлеміз. 
Кестелердің ең соңғы тұрінде жекелеген тақырыптар бойынша жасалған 
кестелер сериясын, анықтамалық және нұсқаулық кестелерді жатқызуға 
болады. 
Соңғы кездерде тұрлі пәндердің оқу тәжірибесінде электрлендірілген 
кестелер (стендтер) барған сайын жиі қолданылуда. Оларға, ең бірінші 
кезекте анықтамалық және нұсқаулық кестелер (әсіресе, техника қауіпсіздігі 
бойынша) жатқызылады. 
Кәсіби білім берудің тәжірибесінде кестелердің ең көп тараған тұрі - 
плакаттар болып табылады. Олар кей жағдайларда (жаппай мамандықтарға 
оқыту кездерінде) бір орталықтан шығарылады. Алайда плакаттарды 
мұғалімдер мен өндірістік оқу шеберлерінің өздері немесе олардың 
басшылығымен оқу орнының өзінде де дайындап, жасайтын кездер аз 
болмайды. Ал мұндай оқу плакаттарының мазмұнын жасау мен оларды 
дайындау барысында төмендегі талаптар ескеріліп отырады: 
o
плакаттың мазмұны оның атауында көрсетілген тақырыптарға сәйкес, 
ал мазмұны мұмкіндігінше түсінікті және көрнекілік жағы басымдау болуы 
керек; плакатка салынған бейнелерді оқушылар оқу бөлмесінің кез келген 
жерінен көре алатындай ұлкен болуы керек; 
o
иллюстрациялардың (бейнелердің) объектілері плакаттарда өздерінің 
табиғи қалыптарында бейнеленулері қажет; 
o
плакатгардағы бейнелерді жасаған кезде олардың бөліктерінің 
көлемдік сәйкестіктерін дәл сақтауға тырысып отыру керек (әсіресе, бұл 
талап мәнді бөлшектерге байланысты болып келген сәттерде); 
o
бейнелердің ең мәнді бөлшектерін бояу арқылы бөліп көрсетуге де 
болады. Мұндай жағдайда тым ашық бояуларды қолдануға болмайды; 
o
іс-әрекеттердің принципін немесе объектілер мен иллюстрациялардың 
конструкциясын ашып көрсететін элементтер мен сол бейненің бөлшектерін 
ашық тұске, ал қалғандарын ашық емес түстерге де бояған дұрыс болады; 
o
плакаттардағы жазулар ірі, анық жазулар арқылы берілуі керек: 
плакатты текстермен (әсіресе, ұсақ әріппен жазылған) толтыра бермеу керек; 


72 
o
плакаттың мазмұнын анықтаған кезде оған салынатын суреттердің 
санын мұмкіндігінше 3-4-тен асырмаған жөн; 
o
ал егер ұсақ бөлшектер өте маңызды болатындай жағдай туындаса, 
оларды ұлкейтіп қосымша көрсетуге де болады; 
o
плакатқа соншалықты көп бейнелерді орналастыру қажет бола 
қалатындай болса, оларды оқытылу ретімен орналастыру қажет. 


73 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет