Оқыту техникалық құралдарының теориялык негiздерi


 Оқытудың дидактикалық принциптері



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата05.06.2023
өлшемі1,87 Mb.
#178280
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
Техникалық оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтаудағы дидактикалық прринциптерінің маңызы (1)

4.2 Оқытудың дидактикалық принциптері. 
Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оқыту 
теориясын қарастыратын саласы. Дидактика білім мазмұнының ғылыми 
негізін,оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын, яғни нені оқыту , қалай 
оқыту жайын зеріттейді. Демек дидактика юілім мазмұнын анықтау, оқыту 
процесінің заңдылықтарын ашу,оқытудың ең тиімді әдістері мен 
ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешіп отырады. Осы 
мәселелер жөнінде өзінің принциптерін белгілейді. 
Дидактикалық принцип - оқу тәрбие ісінде басшылыққа алынытын 
педагогикалық қағида. Бұл қағида да оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру 
формасына және әдістеріне қойылатын талаптар көрсетіледі. Оқыту 
принциптері тәрбие мақсаттарына сәйкес келіп,онымен үйлесіп жатыуға 
тиіс.Дидактикалық 
принциптерде 
оқу 
программасы 
мен 
жоспарына,оқулыққа,сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар 
белгіленеді.Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа 
алынады. Дегенмен, оқу материалының түріне олардың өтілу кезеңдеріне 
қарай дидактикалық принцип ережелерін қолданудың ерекшеліктері болады. 
Мәселен,оқу мен грамматика қазақтілі пәнінің бөлімдеріне жата тұрсада, 
көрнекілік принциппі оларды оқытуға өзгеше қолданылады. Ана тілі 
сабақтарында түрлі сурет, фильмдер көрсетіледі,экскурсиялық бақалау 
материалдары пайдаланылады, мінерлеп оқуға маңызды орын беріледі т.б. 
Ал, грамматиканы оқытуда көбіне таблица,схема,карточка және кейбір 
техникалық құралдар қолданылады. 
Енді дидактикалық принциптің жеке түрлерін оқыту процесінде 
басшылыққа алу мәселесіне қысқаша тоқталайық. 
Балаларды тәрбиелеу әрі дамыту принципті оқушыларға білім беру, 
сонымен бірге оларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттерін 
атқарады.Бұл принципті жүзеге асыруда, басқа пәндерге қарағанда, ана 
тілінің мүмкіншілігі мол.Сондықтан да К.Д. Ушинский ана тілін ұлы педагок 
әрі ұстаз депжоғары бағалап,оны мектепте оқылатын пәндердің негізгісі деп 
көрсетеді.Ана тілі сабақтарының әр қайысын жүргізерде оқушыларды 
тәрбиелеу мқсатына айрықша көңіл бөледі. Демек,оқыта тұрып білім 
берсек,білім бере тұрып балаларды жан-жақты тәрбиелеу міндетінде орындап 
отырамыз.Сабақ процесіне балалар коллектившілдіке тәрбиеленеді,яғни 
кластың орындауы үшін берілген қандай да болса бір жұмысты әр бала 
бәріміздің атқаратын ортақ ісіміздеп санап,жауап кершілікпен қарап,оны 
тындыруға үлесін қосады.Осы бір кезеңнің өзінен ақ оқушының 
коллектившілдік, бірлесіп еңбек ету сияқты жақсы сапа-қасйеттері 
тәрбиелене түседі.Ал,грамматикалық жаттығу жұмыстары үшін берілетін сөз 
не сөйлем сияқты материалдардың және ана тілі оқу сабағының әралуан 
текстерінің идеялық,көрекемдік әрі ғылыми мазмұн-мәндері арқылы 
оқушылар 
адамгершілік,достық,жолдастық,патриоттық,қырағылық, 
қайырымдылық қасиеттерін үнемі бойына сіңіреді. 


65 
Дидактикалық принциптің бірі - оқу материалын саналы меңгеру 
принципі. Білімді саналы меңгерген бала оқу материалын игерудің әдіс-
тәсілін, тапсырманы орындаудың амалын өздігінен түсіндіріп бере 
алады.Егер оқушы алған білімінің ғылыми мәнін байыбына жетіп 
түсінбесе,әр алуан ереже,заңдылықтарды практикалық тұрғыда орнын 
тауып,дұрыс қолдана білмесе,онда ол білімді формальды түрде үстіртін 
ұғынғанға жатады.Себебі ондай білім саналы меңгерген білім емес,тек 
ереже,заңдылықтарды және материал мазмұнын кітаби үлгіде жаттау 
жолымен қабылданған білім болып табылады. 
Дидактикалық білімді саналы меңгерту принципі оқушыларға ғылыми 
дұрыс білім беру принципімен ұласады. Оқу еңбегі дағдысына жақсы 
әдеттенген шәкірт сабақ материалын жете меңгеруге бар ынта-ықыласын 
қойып, ақыл-ойын іске қосып қажырлы еңбектенеді.Саналылық принципі 
дегннді осылайша түсінуге болады.Ал, оқушылардың жоғарыдай көп еңбек 
сіңіріп меңгерген білімінің саналы болмай шығуы да ықтимал.Осындай 
жағдай мұғалімнің жұмысты ұйымдастыру практикасының жеткіліксіздігінен 
немесе методикалық кемшілігінен басталады. Оған мұғалімнің жеке
басындағы кемшіліктер де ықпал етеді.Мәселен, ұстаз өз шәкірттерін 
міселеге сын көзімен қарауға тәрбиелемей,өзінің айтқанының бәрін 
ешқандай шүбә тудырмайтын бірден-бір дұрыс түсінік деп қабылдауға 
әдеттендірсе, онда оқушылардың формальды түрде білім алуға мәжбүр 
еткені.Мұғалімнің методикалық ұстамсыздығы балаларды теориялық білімді 
практикалық жұмыспен тексеріп байқауға үйретпейді.Сөйтіп мұғалімнің 
теория мен практика арасындағы диалектикалық байланысты естен шығарып 
алады. 
Білім,білік,дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі.Білімнің 
саналы және берік меңгерілуі арасында принципрі үйлесімділік 
бар.Бастауыш класс оқушыларының білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін 
үйретілетін білімнің мазмұны,тілдің құрлысы ғылыми тұрғыдан дұрыс 
қалыптасуы тиіс.Сонда ғана білім әрі саналы.әрі берік меңгеріледі.Бұл 
жұмыс ерте басталады. «Білім негізі-бастауышта» деп орынды айтылып жүр. 
Оған бір ғана мысал келтіре кетейік.Дыбыс туралы ұғым беру әліппе 
кезеңінің өзінде-ақ басталады.Бұл кезеңде дыбыс белгілі заттың атауын 
да,белгілі бір ұғымды танытуда сөздің басында,аяғында және ішінде 
келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі.Осы мағұлмат бірінші класта 
қазақ тілін оқытқанда: «дыбысты айтамыз, естиміз» деген ықшам ережеге 
айналады.Бұл ереже төртінші класта фонетика саласынан дыбыс туралы 
білім бергенде де негізге алынады.Одан әрі, жоғары оқу орны программасы 
бойынша фонема туралы терең берілгендн де сол әліппе кезеңіндегі бастапқы 
мағұлмат кәдеге асады.Айталық, әліппе кезкңінде сөздің құрамындағы дыбыс 
саны көбейсе не азайса, сөз мағынасы түрленетіні үйретіледі.Осы кезеңде 
дыбыста мағына бар деген ереже айтылмаса да ол практикалық тәсілмен 
балаға аңғартылады. 


66 
Түсініктілік принципі білім мазмұнына мәні дәл анықталған 
материалды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми ұғымдар мен 
терминдерді 
пайдалануды 
көздейді.Түсініктілік 
принципінде 
оқу 
материалының оқушы даярлығына үйлесімді келуі талап етіледі.Сабақты 
ұйымдастыру принципінде бұл жағдайлар ескеріліп,оқушылардың әрі 
дұрыс,әрі жеңіл түсінік алу үшін тимді әдістер қолданылады.Бірақ 
программалық материалды жеңілдетемін деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін 
өтуге болмайды.Бастауыш клас оқушылары қазақ тілін теориялық 
материалын бақылау, жаттығу жұмыстары арқылы практикалық тұрғыда 
меңгереді.Сондықтан теориялық білім мен практикалық дағдының 
арақатынасы ескеріледі.Теориялық білімнің көп берілуі бастауыш клас 
оқушыларының білімді меңгеруіне шамадан тыс ауырлық келтіреді. 
Дегенмен оқу процесінде оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйретіп отырса, 
дидактикалық ережелерді дұрыс қолдану арқылы оларға программа талабына 
лайық теориялық білімді еркін меңгертуге әбден болады. 
Көрнекілік принципі деп бала тікелей қабылдайтын нақты образдарға 
құрылған оқуды айтады.Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы түсінігін 
нақтылай түседі,бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу 
процесін қызғылықты етеді. 
Көрнекілік 
заттық, 
бейнелі,символдық 
болып 
үш 
түрге 
бөлінеді.Бастауыш 
кластарда, 
көбіне,заттық, 
бейнелі 
көрнекілік 
қолданылады.Ана тілі пәндері үшін символды көрнекіліктің ішінде таблица 
кеңінен қолданылады.Көрнекі құралдың қандай түрін болсада, мұғалім пәнге, 
зеріттелетін тақырыпқа оны өтудің кезеңдеріне сәйкес пайдаланылады.Қазақ 
тілі сабақтарында балалар оқулықтағы түрлі иллюстрациялық материалдарды 
қарастырып, оларды талдау жолымен заттарды,құбылыстарды таниды.Әр 
тақырыптың 
белгілі 
бөлімдерін 
өткенде 
мұғалім 
өзі 
жасаған 
карточка,таблица , схема сияқты көрнекі құралдарды көрсетеді.Оқу 
процесінде қолданылатын көрнекілікті негізінен көру арқылы қабылданатын 
нақтылы бейнелер деп түсінеміз.Солай бола тұрғанымен,көрнекіліктің 
сөйлеу, есту сезімдері арқылы қабылданатынын ескерген жөн.Бұл ретте 
айқын сөйлеудің, нақышына келтіре оқудың өнегелік мәні зор.Ал, турасын 
айтсақ, тұрақты көрнекілік- клас тақтасы.Тақта бетінде, оқушылардың көз 
алдында жазылған үлгінің, сөзбен сөйлемге жасалған талдаудың оқушылар 
санасында берік сақталатыны сөзсіз. 
Оқушылардың оқу еңбегінде көрсеткен белсенділігі мен өзіндік 
жұмыс - совет педагогикасы дидактикалық принциптерінің бірі.Оқушы 
бастауыш сыныптан-ақ мұғалім түсіндірген білімді меңгеруге ынта қойып, 
оқу тапсырмасын өз бетімен орындай алатын болуы керек.Қазақ тілі 
сабағында ұстаз шәкірттердің таным белсенділігін және өзіндік дербестігін 
үнемі оята отырып, оларды білімді белсенді түрде қабылдауға 
бағыттайды,өз бетімен жұмыс жасауға педагогикалық шеберлікпен 
көмектеседі, кездесуі ықтимал қатеден алдын ала сақтануға, өз кемшілігін өзі 
тауып, түзете білуге тәрбиелейді.Қорыта айтқанда, мұғалім оқушыларды оқи 


67 
білуге үйретеді.Бастауыш класс оқушыларын табандылққа, байқағыштыққа, 
өз бетінше ойлап, өз әлінше қортынды жасай білуге баулып тәрбиелеу 
жұмысы мұғалімнен адамгершілік, білімділік, педагогикалық іскерлік, 
методикалық шеберлік қасиеттерін талап етеді. 
Білімнің жүйелік және бірізділік принципі оқушыларға үйретілген 
білімнің бір арнаға қосылып әрі кеңейіп, әрі тереңдеп қорлана түсуін мақсат 
етеді.Бұл мақсатты жүзеге асыру оқушының мұғалім алдын көрген күнінен 
басталады.Демек оқушылардың әр кезңде меңгерген білімі өзара логикалық 
байланысты түрде олардың санасында бекітіледі.Ал, оқушы білімінің жүйелі 
қалыптасуы үшін олпрдың салыстыру әдісін қолдана білудің маңызы ерекше. 
Дидактика принциптерінің бірі- оқытудың сабақтастығы. Мұғалім 
оқыту процесінде бір класта оқылатын немесе әр класта өтілетін 
тақырыптардың бір-біріне мағыналақ жуықтығы барларын, бірін – бірі 
үстемелеп толықтыратын түрлерін алдын ала байқап, оларды сабақтастырып 
отыруды қатаң ескереді. Сөйтіп, оқушының, ілгеріде меңгерген білімінің 
жаңа материалды ұғынуы үшін себебін тигізетіні тірік етіп пайдаланылады. 
Осы мақсатта жаңа тақырыпты таныстыру кезінде оны бұрынғы өткен 
материалмен шебер ұштастырып отырған тиімді болмақ. 
Бір мысал келтірейік. Қазақ тілі грамматикасынан сын есім тақырыбы 
сөз табы ретінде бастауыш үш класта да оқытылады.Бірінші клкста 
грамматика термині аталмай-ақ, заттың сынын білдіретін сөздер деген ұғым 
беріледі. 
«Қандай?» 
деген 
сұрағына 
жауап 
болатыны 
үйретіледі.Оқушылардың сын есімнен алған осы білімі енді олар екінші 
класта, «Сын есім» тақырыбын өткенде, еске түсіріледі, қайталанады. Сөйтіп 
II клкста таныстырылатын сын есімнің мағынасы және «қандай?» деген 
сұрағы жаңа түсінік айтпай-ақ сұрақ-жауап әдісі бойынша балалардыі 
бұрынғы білетін мағұлматына сүйеніп,жеңіл таныстырылады.Үшінші класта 
сын есім туралы жалпы түсініе беріп, анықтамасын таныстырғанда да 
индуктивті әдіс қолдану жолымен мысалды оқушыларға талдата келіп, 
олардың бұрынғы біліміне сабақтастыра отырып, қортынды шығарту қиын 
емес. Осылайша, грамматиканың көптеген материалының өзара 
байланыстылығын дұрыс таба отырып, сабақтастық принципіне негіздеп 
түсіндіру немесе жаңа тақырыпты түсіндірумен бірге оқушының бұрын 
үйренген материалын қайталап отыру- ұтымды тәсіл.Бұл арадағы шешуші 
мәселе- тақырыптар арасындағы байланысты дұрыс таба білу. 


68 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет