58
6.
Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде
мұғалім оқушылардың
жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
7.
Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның
орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне
оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
8.
Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса, онда ол оқушының
ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруғы септігін
тигізеді.
9.
Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін–өзі бағалауымен
ұштастырып отырса ғана ол жемісті болмақ.
Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер
үшін аса қажет болмақ.
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй
тапсырмасын
тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным
қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, Оқу
министірлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға
берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:
I-II сыныптарда –1 сағат;
III-IV сыныптарда –1,5;
V-VIII сыныптарда –2 сағат;
IX-X сыныптарда –2,5 –3 сағат.
Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы
үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің
қатысынсыз
орындалатын болғаннан кейін, олар ата–аналармен тығыз
қарым–қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын
жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан
басшылық жасап отырғаны жөн.
Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс.
Осы кесте бойынша оқушылар күнделікті үй тапсырмаларын орындап
отыруға дағдылануы қажет. Оны ата–аналар
ұйымдастырып, бақылап,
жағдай жасап отыру тиіс.
Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып
демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса
баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.
Достарыңызбен бөлісу: