Библиографический список.
Алферова Г.В. Новые подходы к коррекционно - развивающей работе с детьми с
ограниченными возможностями здоровья. Дефектология – 2008- № 3.
Битов А, Л. Особый ребенок исследования и опыт помощи. Проблемы интеграции и
социализации. М., 2009 г.
Забрамная С.Д. От диагностики к развитию: Материалы для психолога-
педагогического изучения детей в дошкольных учреждениях и начальных классах. М., 1998г.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ӨМІР ҚАЖЕТТІЛІГІ.
Садыкова Б.А., Акатаева Г.Б.
«Қуаныш» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке
сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне
толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге мынадай
анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде
349
349
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік
бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын
кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық
және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы
сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген
теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.
Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын,
енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше
қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.
Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын,
барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу
қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады. [1,15б]
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға
мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға
мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы
мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігімен 2013 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасында мүгедектердің
құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша «Бәріміз
бірдейміз – кемсітуді білмейміз» шарасының мақсаты – қоғам өмірінің барлық салаларында
мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі
танытуға жәрдемдесуге, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін
қолдануға қоғамдық назарды аудару болып табылады.
Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар
балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін
мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген
теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей,
қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе
мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт
мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында,
мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту -
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді,
оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға, адамдармен
қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті
оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар
балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай
оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі
формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
350
350
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды
адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. [2,23б]
Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық,
ғылыми,
оқу-әдістемелік,
тәжірибелі
мамандармен
жетік
қамтамасыз
етілуі
қарастырылмаған. Сондықтан, барлық балаларды жалпы білім беру процестеріне толық
енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне,
экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға; отбасыларын
белсенді қатыстыру, баланың дұрыс дамуына педагогикалық және әлеуметтік
қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың ғана емес, ортаның балалардың жекеерекшелігіне
және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді
оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Жалпы мұның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру
мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына
отырып, қол ұшын созу.
- жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-
педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ
мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға
деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып,
оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің
жалпы мектептердегі білім беру үдерісіне белсенді қатысуы ғана емес, негізінен жалпы
білім беретін мектептердің оқыту жүйесінің барлық баланың қажеттіліктерін қамтамасыз
ете алатындай болып тұтастай қайта құрылуы. [3,4]
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері
төмендегідей:
· Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.
· Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген
мұқтаждықтары болады.
· Білім беру жүйесіне оң өзгерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру
мақсатына орай өзгерту
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды.
Яғни ол мына принциптер:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен
жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын
әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема — оған
қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы,
қорқыныш, бала құқын аяқасты ету-осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс
көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім
беру үшін елеулі қиындықтар туғызады. Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында
ауытқулары бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі
толмайтындығын атап көрсетеді.Мысалы,
351
351
педагогтар (тәрбиешілер) , оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму
үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін.
Алайда, мұғалімдер бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-
қимылға дайын болуы тиіс.
Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу
жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның
ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға
білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап,
отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі
дамығанқұрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік
бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған біздің елімізде мектептер мен
мектепке дейін мекемелер бар. Онда осы балалардың ақыл-ойы және физикалық дамуын
қамтамасыз ететін білім беру жағдайы құрылған. Бұл жағдайға әр баланың жеке
ерекшелігін ескеріп жеке ықпал ету болып табылады.
Оған мыналар жатады:
-Арнайы білім беру бағдарламаларын, әдістерді және оқытуға қажетті
техникалық құралдарды қолдану; -Арнайы дайындаған педагогтар, психологтар,
дефектологтар және басқа мамандардың жұмыстары;
-Оқытуды кажетті медициналық және профилактикалық, емдеу шараларымен
қатар жүргізу; -Белгілі әлеуметтік жағдайдың болуы;
-Арнайы білім беру мекемелерінің материалды-техникалық базасын құру және
оларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Қазіргі уакытта арнайы білім беру мекемелері әр түрлі қызмет атқаруда. Балалар
мұкият тексеруден кейін ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен арнайы оқыту
бағдарламасымен білім алатын мектепке дейін мекемелер мен арнайы мектептерден басқа,
мемлекеттік емес мекемелер, оналту орталықтары, дамыту орталықтары, аралас топтар
және т.б. ашылып жасалуда. Мұндай мекемелерде кемістіктің түрлері мен жас
ерекшеліктері әртүрлі балалар болады. Оларды бірдей бағдарламамен оқыту мүмкін емес,
сондыктан, әр баланы жеке психологиялық-педагогикалық оқыту мүмкіндігі артады.
Кемтар адамдарды оқытудың әр түрлі кіріктірілген нысандарының саны елеулі түрде
артуда. Арнаулы білім саласындағы инновациялық процестер кемтар балаларды дені сау
балалар білім алатын ортаға кіріктіруге бағытталған.
Алайда кемтар балаларға білім беру мәселелері әлі де толыққанды шешілуден
көш алыс. Кіріктіріп білім беру ішінара формальды сипатқа ие, мұны жалпы білім беретін
мекемелердің бағдарламалары растап отыр, олар кемтар балалардың даму ерекшеліктерін
жете ескермейді. Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз
етуді, педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында қосымша
білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар әзірше жетіспейді.
Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4
нұсқада орындалуда:
1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе
одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу
жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи
отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан адаптациялық орталыққа барады. Бала
қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша
арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи
отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау
бойынша сабақтарға қатысады. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы
бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар).
Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы оқушылармен
дайындалады. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау
352
352
қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы
ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу. Кеміс
баланың әлеуметтік жағдайын жәбірлеп, оны өз құрдастарынан бөлектеп тастау бала
психикасының дамуына теріс әсер етуіне жол бермеу ,әлеуметтік сарыны кемтар
балалардың қалайда кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық
мүшесі етіп даярлау. Кемістікті туғызатын жағдайларды жою және оны бір қалыпқа
келтіру.Естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу
оқушылардың жас және психологиялық, дене, дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне,
кемістіктің күрделілігіне, құрамына тәуелді. [4,7б]
Сондықтан естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әр
баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн.
Қорыта келе инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері
тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға
мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге,
қабылдауға үйренеді. Инклюзивті
оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне
белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |