Өткеннен сабақ ал
122
жақынырақ», – делінген. Бұл жерде әділетсіздікке ғана
кешірім таныту емес, сонымен қатар шариғат бекіткен
құқығың ескерілмеген
кезде кешірім танытуың
меңзелген. Кешіру - үлкен кемелдіктің белгісі.
Адамның абыройын асқақтатады.
Кешірімді болу ұғымынан алыс қоғам қатігез қоғам
саналады. Ондай қоғаммен өмір сүру - қиынның қиыны.
Яғни, жағымсыз қасиеттерге белшесінен батқан қоғам.
Өйткені адам жағымсыз қасиеттерге бой алдырған
сайын, теріс, жөнсіз іс-әрекет көрсетеді.
Кешірімді орнықты, байсалды, ынсапты жан ғана
танытады. Құранда: «Үлкен күнәлардан һәм арсыздық
атаулыдан іргелерін аулақ салғандар ашуланған кезде,
кешірімділік танытады», – деген аят бар. Көбіне адам
баласы ашуын білдірген соң,
ызаға толы іс-әрекеттер
көрсеткен соң барып, кешірім танытып жатады. Алайда
біз бірден кешіруге дағдыланып, бұл сипатқа сай іс-
әрекет етудің жолын түсінуіміз керек. Ол жол Құранда
былай көрсетілген: «Алайда кімде-кім сабыр етіп,
кешірімділік танытса, шүбәсіз, бұл табандылықты талап
ететін істерден», – делінген. Яғни, адамға оңайлықпен
бұйырмайтын, еңбекті қажет ететін салмақты істер
шынайы ниетсіз, табандылығы
жоқ адамдар арқылы
жүзеге аспайды деген мағынада.
Сен біреуді кешірген кезде, ең бірінші ұтатын - өзің.
Өйткені сен сені алаңдататын, мойныңа жүк болатын,
ақыл-ойыңды шаршататын барлық дүниелерден
құтыласың. Ішің жағымсыз сезімге, ренішке толы болса
iqup
123
немесе жек көріп тұрсаң немесе кек қайтарғың келіп
тұрса, қандай да бір ісіңе кірісе алмайсың. Жаның
жақсы көру, риза болу көгіне көтеріліп самғамайынша,
істеген ісіңнен өнімді нәтиже шығара алмайсың.
Біз нашар мінез батпағына аунап жатып алып,
ескі әдетке толы кезеңнен шықпай, түбінде, рухани
тоқырауға түспес үшін, кешірімді болуды үйренуге
мұқтажбыз. Кешірімді болуға зәруміз.
Өйткені біз
өмірімізді күн сайын жаңартып отыруды қажет етеміз.
Әрине, оны кешірім етумен жаңартқанымыз жөн. Шын
мәнінде, бір рет қана берілетін өмірді талас-тартысқа
толы кезеңмен өткізбегеніміз жөн. Өмір - өте терең
алаң. Өмірді пайдасыз, ұтымсыз дүниеге жұмсамау
керек. Өмір қас - қағым сәттен де тез өте шығатын
нығмет.
Сол үшін кешірімді болуды үйренсек, игі болмақ.
Қазіргі
таңда қоғамның қателескен, жаңылған
азаматын жек көріп, әрбір адамның әлеуметтік желіде
оны сынап, мінеп жазба қалдырып жататынына
куәміз. Мінеп, сынап жазба қалдырғанда өзінің де
қате-кемшілікке бой алдыратынын ұмытып кететіні
өкінішті - ақ. Әрбір адам қателескен азаматты мінегені
соншалық, тіпті, оның отбасына тіл тигізеді.
Сынның
астында қалған ондай азамат қоғам алдында ақталуға,
әрине, дәрменсіз болады. Нәтижесінде жақындары
онымен бірге өмір сүруден қысылады. Мұндай жөнсіз
әрекетке бой алдырған кезде, шүбәсіз, Мырзамыздың
бізге өсиет еткен мейірім, жанашырлық сияқты адами
Өткеннен сабақ ал
124
құндылықтардан айырыламыз. Мәселен, пайғамбарға
арақ ішіп қойған адам әкелінген кезде,
арақтан тыю
мақсатында оны ұруды бұйырады. Сонда сахабалар:
«Арамызда оны қолымен, аяқ киімімен, киімімен
ұрғандар болды. Жазасын алған кісі кетіп бара
жатқан кезде, бір ер адам: «Бұған не болған?! Алла
оны қор қылсын!» – деп айтып қалады.
Сол кезде
пайғамбарымыз:
Достарыңызбен бөлісу: