Бірінші топтағы адамдар үш күнді ұйқысыз өткізуі, ал екінші топтағылар
тәулігіне 4 сағат ұйықтауы керек болған. Үшінші топтағы қатысушыларға
күніне 6 сағат, ал төртінші топтағыларға 8 сағат ұйықтауға рұқсат берілген.
4, 6 және 8 сағат ұйықтаған үш топ осындай тәртіпті екі апта ұстануы керек
болған.
Тәжірибе
барысында
ғалымдар
қатысушылардың
физикалықденсаулығы мен тәртібін бақылауға алған.
Нәтижесінде тәжірибе барысында күніне 8 сағат ұйықтаған қатысушылар
тобында қандай да бір ауытқулар — когнитивтік функциялардың төмендеуі,
жауап берудің нашарлауы немесе есте сақтаудың бұзылуы байқалмаған. Ал
тәулігіне 6 және 4 сағат ұйықтаған адамдарда барлық көрсеткіштер біртіндеп
нашарлай бастаған.4 сағаттық ұйқысы бар топтағы көрсеткіштер 6-
сағаттықпен салыстырғанда айтарлықтай нашар болған. Жалпы алғанда
тәжірибеден екі маңызды қорытынды алынған.
Достарыңызбен бөлісу: