Бұл электронды кітапты алғаш әлеуметтік желіге жүктеген электронды кітапхана


Егер кеш жатсаң, таңертең ерте тұру жайлы айтуға да болмайды



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата17.07.2023
өлшемі0,8 Mb.
#179484
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
Ұйқы

Егер кеш жатсаң, таңертең ерте тұру жайлы айтуға да болмайды. 
Тұйықталған шеңбер. 
Бірінші ереже: ерте тұру үшін ерте ұйықтау керек.
Ах, бұл неткен қиын 
тапсырма еді! Ерте ұйықтау ерте тұрудан да қиын. Ұйқыңыз келгенінсезгенге 
дейін күтпеңіз. Күнделікті бір уақытта ұйықтауға жатыңыз. Алғашында 
ұйықтау қиынға соғады. Кейбір айла-әрекеттерді пайдаланыңыз.Міндетті 
түрде жарық пен электр құрылғыларын өшіріңіз. Қараңғылық ұйқыны 
шақыратын гормонның бөлінуіне белгі береді. Егер Сіз ұйқыалдында ұзақ 
уақыт теледидар көрсеңіз немесе компьютер алдында отырсаңыз, бұл 
гормонның бөлінуін белгілі бір уақытқа шегеруі мүмкін. Сондықтан ұйқы 
алдында мұндай әрекеттерден бас тартыңыз.Жатын бөлмеңізді эфир 
майларымен хош иістендіріңіз. Көп адамдарлаванданы пайдалануға кеңес 
береді, бірақ ол иіс ұнамаса, бергамот немесе қазтамақ майын суға қосып
жұпар иісті су бүріккіш арқылы жатын бөлмеге шашыңыз. 


Ұйықтар алдында тамақтанбаңыз. Сіздің денеңіз асты қорытуға тырысады, ал 
бұл ұйықтау үдерісін қиындатады. 
Екінші ереже: оянғаннан кейінгі алғашқы 5 минут өте маңызды, оны өзіңіз 
үшін барынша қолайлы ете біліңіз. 
1 минут. Көзіңізді ашқан соң бірден жақындарыңыз бен өзіңіз аса бақытты 
болған жерлер туралы ойлаңыз. Жағымды естеліктер дұрыс жүріс-тұрысқа 
икемдейді. 
2-минут. Керіліңіз — бұл Сіздің ағзаңызды оятады. Бірнеше рет терең дем 
алыңыз — бұл оны оттегімен қоректендіреді. 
3 минут. Желкеңізді, самайыңызды, қастарыңыз бен сырғалықтарыңызды 
уқалаңыз. Бұл басқа қан айдайды. 
минут. Алақандарыңызды бір-біріне үйкелеңіз. Бұл қан айналымын 
жақсартады. Денеңізді уқалаңыз. 
минут. Ақырындап тұра бастаңыз. Төсекке отырып, бір шыны су ішіңіз. Оны 
кешке дайындап қойған абзал. 
Үшінші ереже: ашық түстер мен сергіткіш иістер әр таң сайын Сіздің 
сенімді серігіңіз болуы керек. 
Ас үйге ашық түсті перде іліңіз, ашық түсті 
ыдыстар сатып алыңыз. Ерте тұру жайлы шешім қабылдаған соң Сізге оның 
не үшін керектігін міндетті түрде ойланыңыз. Ал егер жігеріңіз жетіспесе, 
шредер-оятқыштарды пайдаланыңыз. Оятқышқа бірнеше жүздік қағаз ақша 
салып қоясыз, егер белгіленген уақытта тұрмасаңыз, оятқыш ақшаңызды 
бөлшектеп тастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет