"Қайырлы таң!" деңіз.
Енді
душ қабылдаңыз, жаттығу, медитация жасаңыз, таңғы асыңызды ішіңіз.
Мұны кез келген ретпен орындауға болады. Физикалық белсенділік пен душ
адреналин деңгейін арттырады, құнарлы
таңғы ас зат алмасуды оятады, ал
медитация жаңа күнге икемделуге көмектеседі.Төменде таңды шын мәнінде
қайырлы ететін тағы бірнеше лайфхактар келтірілген:Таңды ашық түстер мен
сергек иістерге толтырыңыз. Мысалы, сұлы жармасының ботқасын қызғылт
сары тәрелкеге салып жеңіз және үйге цитрусты помандерлер іліп қойыңыз.
Мұның барлығын кешке ойластырыңыз. Киім үтіктеңіз, ланчбоксдайындаңыз,
жоспар құрыңыз және т.с.с. Әдетте таңертең қаншалықты мазасыз тірлік бар
екенін білген кезде тұрғыңыз келмейді.Радио мен теледидарды қоспаңыз.
Жаңалықтар мен жарнамалар көңіл- күйіңізді бұзады. Дұрысы —
жұмысқа
сүйікті әуеніңізді қосып қойып дайындалыңыз.Дұрыс таңғы әдеттерді
қалыптастыру арқылы Сіз жақында күннің алғашқы сәулелерімен тұрудың
қалайша шығармашылық күйге бейімдейтінін және Сізге оятқыштың ендігәрі
керек еместігін байқайсыз.
Оятқыш — дос па, әлде дұшпан ба?
Алғашқы механикалық оятқышты 1787 жылы Леви Хатчинс (Levi Hutchins)
құрастырған. Ол күніне тек бір-ақ рет — таңғы 4-те шырылдайтын. Заманауи
адамдар оятқыштарды ұнатпайды. Аталған жансыз шиқылдауықтар біздің
ұйқымызды ұрлайды, сол себепті біз өзіміздің тәтті ләззатымызды ұзартамыз
деген үмітпен "10 минутқа кейінге қалдыру" батырмасын басамыз.
Шынмәнінде оятқышты біз өзіміз дұшпанға айналдырамыз.
Таңғы күн сәулесі бөлмеге енген соң ағза мелотонин бөлуді тоқтатады —
кортизол қарқынды түрде түзіле бастайды. Температура, қысым, қандағы PER
ақуызының деңгейі артады. Денеңіз оянуға дайындалады. Сондықтан,тәртіпті
сақтай отырып, Сіз оятқыштың дауысына дейін бірнеше сәт қалғанда көзіңізді
ашасыз.Ал "Кейінге қалдыру" батырмасы бұл үдерісті бұзады.
Сіз қайтадан
баяу ұйқының алғашқы кезеңіне өтіп, қалғи бастайсыз. Ағзаңыз
"Қайтаданмелотонин керек пе, ал кортизолды қайда жіберемін?!" деп түсінбей
қалады. Нәтижесінде Сіз 5-10 минуттан кейін өзіңізді тұруға мәжбүрлей
бастайсыз, бірақ өзіңізді көңілсіз әрі шаршаңқы сезінесіз.
"Бос сөз! Мен ешқашан оятқышқа дейін оянбаймын, мені зеңбірекпен де оята
алмайсың". Егер осылай болса, онда Сіз жай ғана
жеткілікті ұйықтамайсыз
және тәртіпті ұстанбайсыз.
Оятқышпен дос болу үшін:
"Кейінге қалдыру" батырмасын пайдаланбаңыз;
Дыбысы біртіндеп көбейетін жағымды әуен пайдаланыңыз;
Оятқышты төсектен тұрған алғашқы 5 минуттан кейін өшіру үшін
алыстау жерге қойыңыз.