ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
64
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақ ҽдеби тілінің тарихын зерттеуші кҿрнекті ғалым Р.Сыздықова русимдердің ҽдебиетте
кейінгі кезеңдерде ғана қолданыла бастағанын алға тартады: «ХІХ ғасырдың басынан бастап, 60-
70 жылдарына дейінгі қазақ тілінің алдыңғы кезеңдерден бір айырмашылығы – оның лексикалық
қҧрамына орыс сҿздерінің ене бастауы (Сыздықова, 1993: 197). Ғалымның айтқысы келгендей,
Абайға дейінгі жыраулар поэзиясында жҽне Махамбет, Шернияздарда орыс сҿздері ҿте аз
кездеседі (4-5 сҿз ғана). Ал Абай жҽне замандас ақындарында біршама кҿбейген. Дегенмен Абай
тҧсында русизмдер ҽлі де айтарлықтай кҿп емес еді.
Орыс тілінен енген сҿздердің Абайда аса кҿп емес екенін ғалым Р.Сыздықованың ҿзі
ескерткен болатын: «ХIХ ғасырдың II жартысына дейін қазақтың ҽдеби тіліне енген орыс тілі
сҿздері аса кҿп емес. Енгендері – Россия мен сауда-саттыққа байланысты ҧғым, зат аттары,
ҽкімшілік ел басқаруға қатысты кейбір сҿздер жҽне кҥнделікті тҧрмыс пен шаруашылыққа
байланысты жеке сҿздер болатын... Абай шығармаларында ҿз дҽуіріне дейін енгендерден шамалы-
ақ сҿздерді атай аламыз. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: