ISSN 2411-6076, еISSN 2709-135X TILTANYM № 2 (90) 2023 https://www.tiltanym.kz
67
© А.Байтҧрсынҧлы атындағы Тіл білімі институты
шығармалардың негізі осы қолжазбадан кҿшірілген) 1907 жылғы Мҥрсейіт жазбаларында ол атау
абразавание
(«о» айтылуы бойынша «а» деп жазылған) деп тіркелген:
Қазақ балаларына
абразавание
беруге ол да файдалы іс (ҒК 4/5). (ҒК:
Ғақлия кітабы,
Мҥрсейіттің 1907 жылғы тҥпнҧсқа қолжазбасы).
«О» дауыстысының «а» болып айтылып, хатқа солай тіркелуі бірнеше мысалда байқалады,
олар:
адвакат, винават, дазнание
, т.б.
Адвакат
. Орыс тіліндегі
адвокат
сҿзі барлық жинақтарда тҥпнҧсқадағыдай беріліп жҥр.
Алайда оның араб жазулы нҧсқасында
адвакат
деп айтылуы бойынша «қазақы» формада
берілгені назар аудартады:
Я тілмаш, я
адвaкат
/ Болсам деген бҽрінде ой / Кҿңілінде жоқ санасы (Абай, 1909: 51).
Афлатҧн
«Платон». Абайдың Мҥрсейіт қолжазбасында кейбір
кісі есімдері де қазақы
нҧсқада жазылған. Мҽселен қазіргі, жинақтарда орыс тілінің емлесіне сҽйкес
Платон
есіміндегі
«п» дыбысы «ф»-ға, «а» дауыстысы «ҧ»-ға ауысып, оның алдына дауысты дыбыс қосылып келген:
Кҽркиден, філдей қуатлы / Тағы арыстан жҥректі.
Афлатҧн
, Сократ ақылды / Қаһарман Ғали білекті.
Ертедегі қазақ тілінде жазылған шығармалардың барлығында
Аплатон
деп жазылған сҿз
Абайда да сол дҽстҥр жалғасын тапқан.
Бакалшік
. Абай қолданған ҧсақ саудагер мҽніндегі
бакалшік
− арабтың
бакал
жҽне орыстың
-
шік
(щик) формалары арқылы жасалған туынды сҿз. Абай ҿлеңдері жинағында мҧны парсыша деп
кҿрсеткен. Негізінде бҧл – арабтың
баққал
«кҿкҿніс, жеміс-жидек сатушы» сҿзі. Орыс
тіліндегі
бакалея
да арабтан алынған (арабтан тҥркіге, тҥркіден орысқа). Абайдағы «бакалшік» сол
кезеңде орысшада қолданылған бір сҿз болса керек, ақын да тікелей сол қолданысты пайдаланған:
Ноғайды кҿрсе, оны да боқтап кҥлуші еді: «тҥйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе, шаршап,
жаяу жҥрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, тҥкке ыңғайы келмейтҧғын, солдат ноғай,
қашқын ноғай,
бакалшік
ноғай деп (2-қара сҿз).
Осындағы
бакалшік
сҿзін қолжазбадан
бҧхалшік
деп те оқуға болады:
«Нoғaй дегенче нoхaй десеңчi, тҥкге ыңғaйы келмейдi, сaлдaт нoғaй қaчқын нoғaй,
бҧхaлчiк
нoғaй деп» (Петек, 2020: 54).
Мҥрсейіт
қолжазбасына қарап оның
бҧхалшік
деп оқылатынына кҿз жеткіздік. Десек те,
Абай «дін кҥтуге де шыдайды» деп мақтаған татарға қазақтың «бҧхалшік» деп айтуы мҥмкін бе? Я
болмаса татарлардың орыс елімен іргелес, кҿрші қоныстануымен байланысты олармен жақын
аралас-қҧралас болып, мҽдениетін, ғҧрпын қазақтан ертерек сіңіргенін кҿрсетіп тҧрған болуы
мҥмкін. Немесе ақын ҿлеңін хатқа тҥсіру, кҿшіру кезінде кеткен қателік те болуы ғажап емес.
Жалпы бҧл сҿздің қолданысына қатысты тҧжырым жасауға дерек-дҽйегіміз ҽзірге
жеткіліксіз
болғандықтан, алдағы уақытта ҽлі де зерделеп, нақтылайтын тҧстар бар екенін айтуға тиіспіз.
Орысша «чик» жҧрнағымен жасалған осы мағынадағы басқа сҿз
пияншік
те Абайда
кездеседі:
Барымта мен партия / Бҽрі мастық, жҧрт қҧмар.
Сыпыра елірме, сҧрқия / Кҿп
пияншік
нені ҧғар?
Ваенной
Достарыңызбен бөлісу: