О ры нборды ң генерал-губернаторы В. А. Перовский мен Ж оцгір vnirn
Үлы Түранның Ү лдары 117 езгідегі елдің ауыр халін айтып хат жазады. Оған жөнді жауап алып, айтқан арызы өтпеген соң ер Исатай егеулі найзасын қолға алып, садағына cap жебені салдырып, қалың халықты соңына ертіп, көтеріліске шығады. 1836 жылы Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі халықты көтеріліске шақы- рады. 1837 жылы бұл қозғалысқа көрші ауылдар да келіп қосылады. Осылай Исатай қалың бұқараның қамы үшін толқыған халық толқынын бастайды. Бүл азаттық қозғалыс әуелі хандықтың Каспий жағалауына енте- лей жатқан оңтүстік аудандарын қамтиды. Каспий жағалауы, яғни атақты Тұран ойпатының бұл мекендері отты жер, шалғынды мал жайылымы еді. Бірақ бүлардың бәрін дерлік Ресейден жер аударылып келгендер мен жергілікті бай-шонжарлар жайлап жататын. Қарапайым халық қоныстанатын шұрайлы жерлер де қалмаған. Осы әділетсіздік пен теңсіздікке төзбеген халықтың ашу-ызасы асып-төгіліп, ақыры көтеріліске айналды. К өтерілістің көш басында ала туын желпілдетіп, ақ алмасын суырып Исатай Тайманов тұрды. Исатай деген агам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлына дос болып, Хан үстіне барғанда Шабайық ханды дегенде, Шапқандай ханды амал бар, Амал барда хан шаппай, Тәңірім қылды, не амал бар, — деп төрт-бес жылдай ханмен алы- сқан арыстан жүректі ер Исатайға беркініп садақ асынып ақын Махамбет Өтемісов те ереді. Әрі батыр Махамбет елдің көсемі, халықтың құлық санасына айналады. Ж әңгір хан халықтың теңіздей сапырылған толқынынан қорқып, Ресей