үлы Зұлхарнайына қосып, Орынборға жібереді. Мұнда төрт-бес жылдай хан мұрагеріне атабек болып жүреді. Махамбет ағасы, ер тұлғалы Исатай сияқ- ты қара халықтың ішінен шыққан қарапайым шаруа тұқымы еді. Сондыктан болар ел д есе ер намысы ерте оянып, езгі мен зұлымдықта жаншылған бұқара халықтың бейшара тұрмысын көріп, хан өктемдігіне қарсы тұруға серт етеді. Осындай өжеттігімен ханға қарсы өз пікірін тура айтудан тайсал- маған Махамбетгі сезікті адам деп тұтқындап, түрмеге де жабады. 1836-1838 жылдары Батыс Қазақстан патшалық Ресеймен ел озбырлары- ның екі жақты езгісін е қарсы Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі бұрқ еткенде ер Махамбет үдей соққан дауылдай жауды жапырғ- ан батырлығымен бірге көтеріліс к ө сем д ер ін ің бір і болы п, оны ң бас ұраншысына айналды. Махамбеггің өр, жалыны лапылдаған отты өлендері езілген елдің еңсесін көтерді. Басып-жаншылған жарлы-жақыбайлардың бойларына қуат беріп, жүректеріне жігер құйды. Оның семсердей жарқылдаған, алдаспандай откір “Атадан туған ардақты ер ”, “Мұнар күн”, “Халық қозғалса хан тұрмайды жанында”, “Тарланым”, “Исатай деген ағам бар” ж әне басқа да буырқанған, толғауы тоқсан жырлары халықтың қайғы -мұң, ар м ан -тіл егінеп , ой -
Үлы Тұранның Ү лдары 119 мүддесінен туған өлендер еді. Махамбеттің жалынды жауынгерлік қызметі де, алмастай жарқылды та ланты да көтеріліс қызметіне арналды. К өтеріліс ж ең іл іск е ұшырап, арыстандай ағасы Исатай мерт болғанда да “екі тарлан бөрідей” болған ер жалғыз қалып, қалың бұқараны қайта көтермек әрекеті сәтсіздікке ұшы- райды. Патша үкіметі мен ел ішіндегі оның жандайшаптары ақынның өз басын жоюды ойласа бастайды. К үндердің күнінде Баймағамбет сұлтан