Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»



Pdf көрінісі
бет176/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай...— деп ақындық батаны осы алып айтыскер,
ақын Сүйінбайдан алады. Бұл дүниемен бақұлдасар алдында сүйікті дом-
бырасын өлең-сөздің даңғылы Жамбылға аманат етіп қалдырады.
Сүйінбайдың өткір семсердей жарқылдаған өлендерінде халықтың қорғ-
аны болған қамал бұзған қаһарман батырлар Өтеген, Қарасай, Сұраншы,
Саурық сынды ерлердің ерліктері жырланады.
Сүйінбай жастайынан-ақ сырлы сөзбен айтыс өнерінің сайысында да сы-
налады. Оның Тезек төремен айтыстарын ел жатқа айтып жүреді. Айтыс
өнері - поэзияны ң ерекш е бір сырлы түрі. Айтыс арқылы тыңдаушы
жұршылық бөтен ел, өзге халықтар туралы, адамдардың әрқилы мінездерін
ғана емес, әртүрлі ұлттың өзіне тән қасиетін ұғып, біледі.


132 
_________ А санбай А С К Д Р О В
Айтыста — ақынның шешендігі мен тапқырлығы дараланып, сөздік қоры-
ның байлығы мен таяздығы да танылады. Әр нәрсені жіті байқап, оны іліп,
тез өлеңге қосып, ауыл, ел мен адамдардың жақсылығын асырып,
кемшілігін сынап, өлеңмен сөзб е-сө з, табан астында жауап беруді талап
етеді.
Айтыстың осы жағынан алғанда тәрбиелік мәні зор. Қазіргі кездерде де
суырып салма бұл өнеріміз жанданып, жаңғыра түскені қуантады.
Әйгілі Тезек төре, атақты ақын Қатағанмен айтыстарда Сүйінбай өзінің
тапқырлығымен, турашылдығымен ж еңіске жетеді. Үстем тап өкілдерінің
қайырымсыздығы мен зорлық-зомбылығын бетке басқан қайсарлығымен
танылады.
Әлгі екеуі де көпті көрген тәжірибелі сұңғыла еді. Ал, сол екі атақты
адамды айтыста жеңген Сүйінбай небәрі 19 жастағы бозбала болатын. Осы
айтыста ж әне басқа сөз сайысында Сүйінбай шешендігі мен көсемдігі мол,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет