осындай жағдайлар екендігін Абайтанушылар да анық айтқан. Абайдың ағартушы, философ, демократ кемел ойлы қайраткер болып қалыптасуына айдауда ж үрген орыс демократтарымен достасуы үлкен әсер ін тигізді. Солардың бірі — көрнекті револю ционер-демократ Н. Г Чернышевскийдің серігі Е. П. Михаэльс. Орыс әдебиетін оқып-үйренуге көзін ашқан осы адал ниетті Михаэльс секілді орыс ойшылдары алдында Абай қарыздар еді. А. Пушкин, Л. Н. Толстой, М. Ю. Лермонтов, М. А. Крылов, М. Е. Салтыков-Щедрин шығармалары Абайды тәнті етті. Солар- дың туындыларын ана тіліне аударды. А. Пушкиннің “Евгений Онегинін” тамаша тәржімалай отырып Татьянаның әнін қазақ даласына таратты. Да- наларды таный Абайдың да ұлылығы осында.
134 А санбай А С К А Р О В АБАЙ Т Е П Кішік 1
Әйтек Қүнанбай I
Абай (Ибраһим) Абай қытымыр замандағы халық өмірін жан-жүрегімен ұғып, надандык пен тағылыққа қарсы күресті. Қоғамның дамуына кедергі әрекеттермен күресті. Ж үрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Бұл ұлы жазушы Әуезов сөзімен айтқанда: “өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына ақын арнап кеткен мұңды, сырлы бір сәлем , наз сәлем осы еді. Шөл ғасырлардың қу медиен, құла түзінен болар заманға, жарқын заманға қарай жалғыз аяқ жол тартқан ақын болатын” Абайдың “Ғақлия” атанған қара сөзі қазақтың тіршілігіндегі күнделік болмысы мен өзі ғұмыр кешкен уақытқа қарай өмір жолындағы өмір туралы ұзақ жылғы жүрек толғауынан туындаған ой түйіндері. Оған оның бірінші