Осы тарихиеңбектерді окып отырып, еуропалық ғалымдардың Шығыс та- рихшыларының сирек кездесетін деректеріне немқурайды қарайтынын да байқады. Көптеген кұнды да мағыналы деректер еуропаның ірі ғалымдары- ның назарынан тысып қатты. Шокан тек тарих, этнографиямен ғана шуғылданған жоқ. Оның есіл- дерті әдебиетке жиі ауды. Классикалық әдебиеттер ғана емес, ауыз әдебиеті де кызықтырды. Халық арасындағы небір ғажайып ертегі аңыздар, әңгімелер мен дастан-жырларды ел аузынан жинап, зерттеп, оларға баға беріп отырды. Шоқан мұраларын окып отырып, оның терең білімді ғуламалығына таң- қаласың. Оның жан-жақты, білімге аса қуштарлығын ғылымның әр бір саласында зерттеген еңбектерінен көруге болады. Өзінің боданындағы елді менсінбей, санасы томен “Қырғыз-қайсақтар” деп кемітетін кекесінге қарама-қарсы Шоқан дәл сол кездің өзінде ғулама ғалымдық дарынымен танылды. Дала турғындары өздерінің ой-қабілеті мен шығармашылық жағынан ешкімнен кем түспейтінін дәлелдеп, ауыздарына 9 -1 5 7 4
130 А санбай А С К А Р О В құм құйды. Әлгі өздерін ең жоғары тектіміз деп кеуде қағатын еуропалықтар адам- заттың даму тарихына теңдесі ж оқ үлес қосқан шығыстың тарихшылары мен әдебиет өкілдері, әр түрлі ғылым саласындағы ғалымдарына мойынсұна бастады. Оларды үлгі-өнеге етті. Шоқан Орта Азияны зерттеу экспедициясының көбісіне қатысты. М. М. Хоментовский, М. М. Семенов-Тянь-Ш анский басқарған экспедициямен ұзақ саяхаттар жасады. Ал, Ресей мен Қытай арасындағы сауда-саттык қатынасты жақсарту мақсатымен Қытайға аттанған экспедиция сапарында үшан-теңіз мол әсермен, көп жаңалықты олжамен оралды.