Шоқан мәдениетті отбасында тәрбиеленіп өсті. Бала кезден оның айна-
ласында зиялы қауымдар болды. Әлгінде айтқанымыздай, әж есі Айғаным
тек өздерінің тұқымдары мен ауыл аймағында ғана емес, патшалық Ресей
шенеуніктері арасында өте сыйлы кісі атанды. Шыңғысты жүйелік әскери
училищеге оқытып, аға сұлтандық қызметке қойып, беделін арттыруы да
анасының арқасы еді.
Шыңғыс өзінің жас әйелі Зейнеппен орыс қорғаны Құсмұрынға қоныс
тепті. Зейнеп те тектінің қызы. Шоқанның әкесі көненің көзіндей шежіре
кісі болған. Ол қазақтың аңыз-әңгімелерін ғана емес, Сібірді мекендеген
халықтардың ауыз әдеби етін , ертедегі ж азу-сы зулар мен таңбаларды,
үлттық киім үлгілерін де жинаған.
Айғанымның көзі тірісінде жанұясының ар-намысына да кір келтірмей,
Ресеймен ынтымағын жоғалтқан жоқ.
Шені орыс әскерінің майорына дейін көтерілген Шыңғыстың лауазымға
да қолы жетті. 1850 жылы Шыңғыс өзі таяуда ғана ұйымдасқан география-
лык қоғамнан тарту-таралғы ретінде киім-кеш ек жасауына ие болды.
Қазақтың шапан сыйына сай, олар мыналар: көк барқытпен тысталған
түлкі тымақ, өрнектелген тақия, шәйі жібекпен тігілген қамзол, шұға шал-
бар, ешкі терісінен жарғақ, күміспен қақталған қамшы, былғары етік,
мүйізделген пышақ.
Айғанымның сүйікті баласы Шыңғыс терең білімді, қайраткерлігі мол
қасиеттерімен анасына тартып туған еді.
Құсмұрын — Ресей үшін маңызы ерекше елді мекен. Сондықтан да онда
жергілікті тұрғындардың да саяси белсенділігі артты. Батыстағы Исатай
Тайманов, солтүстігінде Кенесары басшылығымен болған көтерілістер. Со-
ның дәлелі міне, осындай тарихи жағдайлардың қақ ортасында қазақтың ірі
ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, фольклор жинаушы, ағартушы, де
мократ Шоқан туып, өсті.
Достарыңызбен бөлісу: |